Талдықорған: +30°C
$ 518.34
€ 607.91
₽ 6.66
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қауіпсіздік қалқаны

«Дүниедегі ұлы мамандық — қоғам тыныштығын күзету». Бұл біздің емес, Нұрлан Биембаевтың сөзі. Ол кім? Қандай қоғамдық ойдың иесі? Дәл осындай сұрақтар миыңызда атой салуда ма? Шыны керек, Нұрлан Алпысбайұлы не күміскөмей әнші, не мәдениет қайраткері, тіпті болмағанда қаламынан талай ой туған жазушы да емес. Тек қоғамда «Заң мен тәртіп» орнатуда белсенді жан, ел қауіпсіздігі мен тыныштығына еңбек етуші тұлға. Бастысы, қоғам қауіпсіздігін сеніп тапсырған полиция қызметкері.

28.06.2025
КҮНДЕРЕК
Қауіпсіздік қалқаны

NUR.KZ/Владимир Третьяков

Кейіпкеріміз Кербұлақ ауданында дүниеге келген. Құқық қорғау саласында 1995 жылдан қызмет етеді. Әуелі Атырау облысы милиция бөлімшесінде 2 жыл әскери борышын өтейді. Сол уақытта қоғамдық тәртіп сақтау дағдыларын меңгереді. 1999 жылға дейін туған топырағында тер төгіп, Текелі қаласына ойысады. Мұнда алғашқыда кезекші бөлімшеге орналасады. Ал, 2004 жылдан бастап учаскелік полиция инспекторы құзыретін атқаруға көшеді. Содан табан ауыстырмай 21 жылдан аса уақыт қоғам жүктеген міндетті арқалап жүр.

Тұмса табиғаты менмұндалайтын Текелі қаласының «Металлург» ықшамауданының тыныштығы мен қауіпсіздігі Нұрлан Алпысбайұлының жауапкершілігінде. Оның айтуынша, учаскелік полиция инспекторы әрбір тұрғынмен етене жұмыс істеуі керек. Тұрғындар тарапынан да инспектордан үрей болмауы тиіс. Оны тұрғындардың өзінен естіп білдік. Зарина Муслеева 20 жылдан аса уақыт Текелі қаласында тұрады. Үй шаруасындағы әйел инспектордың жұмысын жоғары бағалайды.

– Нұрлан Биембаев тек тәртіп сақшысы емес, қорғаушымыз, тыныштығымызды күзетуші. «Металлург» ықшамауданында тұрамын. Сөзімнің өтірігі жоқ, күніге болмаса да аптасына бір мәрте үйімізге соғып, түсіндірме жұмысын жүргізеді. Интернет алаяқтық, қоғамдық тәртіпті сақтау, қараусыз жүрген төрт түлік сынды мәселелерді жетемізге жеткізе түсіндіреді. Инспектордың жұмысын 10 балдық жүйемен бағалар болсам, 9 балл қоямын, – дейді тұрғын.

Нұрлан Алпысбайұлы жауапты әкімшілік аумақта 4575 тұрғын бар. Оның 3255-і ересек, 1320-сы бала. Осынша тұрғын 1105 үйде тіршілік етуде. Одан бөлек, учаскелік полиция инспекторы 2 жатақхана, спорттық ғимараттар, мектеп, аурухана, Мәдениет үйі сынды әлеуметтік нысандардың да қауіпсіздігіне жауапты. Ең бастысы, адам және оның қауіпсіздігі десек, Нұрлан Алпысбай-ұлының әрбір тұрғынмен етене жұмыс жүргізетіні анық байқалады. Ол өз сөзінде құқық қорғаушы тек заң талабын жүзеге асырушы ғана емес, психолог та болуы керек екенін алға тартты.

– Бізге бекітілген аумақта неше түрлі адамдар тұрады. Кей кісімен жай сөйлесесің, кей кісіге қатқылдау үн қатуға тура келеді. Бірақ, ешкімнің ар-ожданына тимейміз. Учаскелік полиция инспекторы психолог болуы тиіс. Құқық қорғау саласында түйсінгенім осы. Тұрғындардың үрейін тудырмай, қайта қалқан екеніңді ұғындыру қажет. Ол сөзбен емес, іспен дәлелденеді. Халық тәртіп сақшысын көргенде қорғаушысын көргендей болуы тиіс, – дейді инспектор.

Қазір учаскелік полиция инспекторының жұмысы қауырт. «Заң және тәртіп» апталығы аясында тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Бастысы, «Құқықтық мемлекет» қағидасының басым шарттарын түсіндіруде. Кейіпкерімізді «Фламинго» дүкенінде жолықтырдық. Дүкен иесі Ольга Александрқызы Нұрлан Алпысбайұлының жұмысына разылығын жеткізді.

– Қазір қоғамда «Бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін алуға» даярлар көп қой. Шыны керек, алаяқтық аспандап тұрғанда біздің қорғаушымыз да, қолдаушымыз да тәртіп сақшылары ғой. 20 жылдан астам «Металлург» ықшамауданының тыныштығын күзеткен Нұрлан Биембаевтың жұмысын жоғары бағалаймыз, – деді.

Нұрлан Биембаев тұрғындардың ықыласына бөленген азамат. Өйткені, өзінің пайымынша, тәртіп сақшысы 24 сағат бойы заңның салтанат құруына еңбек етуі тиіс. Еңбек етіп те жүр. Мәселен, 26 маусымда түнде 2 шақырту түскен. Екеуі де отбасылық кикілжің. Екеудің дауына қынжылған учаскелік полиция инспекторы жоқ. Қос жағдайда да құқықтық түсіндірме жұмысын жүргізген. Осындай жауапты тұлғалар әрдайым құрметке лайық. 

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Ветеринария мамандары спорт алаңында бақ сынады

Ветеринария мамандары спорт алаңында бақ сынады

10.07.2025
Смартфонға өміріңіздің неше жылын арнайсыз: шындықты көрсететін тест

Смартфонға өміріңіздің неше жылын арнайсыз: шындықты көрсететін тест

10.07.2025
Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

10.07.2025
Жетісуда мал дәрігерлеріне жаңа автокөліктер мен марапаттар табыс етілді

Жетісуда мал дәрігерлеріне жаңа автокөліктер мен марапаттар табыс етілді

10.07.2025
Қарбызды дәнімен бірге жеуге бола ма? Дәрігер кеңесі

Қарбызды дәнімен бірге жеуге бола ма? Дәрігер кеңесі

10.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.