Талдықорған: +20°C
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақ театрының қара нары

Заманымыздың заңғар жазушысы, ұлы суреткер, академик Мұхтар Әуезовтің «Уақыт деген дүлдүл бар, замана алыбын сол тудырады» деген қанатты сөзі бейне бір қазақ өнерінің мақтанышы, тума талант Қанабек Байсейітов ағамыз бен оның нар тұлғалы, асқан талантты замандастарына арналғандай. Неге десеңіз, қазақ әдебиеті мен өнерінің алтын ғасыры саналған дәуірде әдебиетке Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Әбділда Тәжібаев, Диқан Әбілев сынды, ал өнерде Елубай Өмірзақов, Құрманбек Жандарбеков, Қалибек Қуанышбаев, Қанабек Байсейітов, Серке Қожамқұлов, Күләш Байсейітова, Шара Жиенқұлова, Бикен Римова сияқты алыптар келіп, тарлан тарихымызға есімдері алтын әріппен жазылған еді. Биыл дүниеге келгеніне 120 жыл толып отырған сахна саңлағы, Қазақстан халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қараталдың арда туған төл перзенті Қанабек Байсейітовтің (1905-1979 ж.) өрнекті өмір жолы мен сан-салалы шығармашылық қызметіне тоқталуды, мақсат тұттық.

16.11.2025
КҮНДЕРЕК
Қазақ театрының қара нары
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ театрының қара нары атанған Қанабек ағамыздың үлкен сахнаға келу жолы тақтайдай тегіс емес, соқпақты, соқтықпалы болды. Өзендер өрнектеген өлкенің сулы да нулы Қаратал топырағында орта дәулетті отбасында дүниеге келген бала Қанабек жастайынан ән мен жырға құштар болып өседі. Ол бәзбір байдың еркетотай баласы секілді екі ауылдың арасын шаңдатып, шолжаңдап, қызық қуалап кетпейді. Төңірегіндегі болып жатқан қоғамдық құбылыс атаулыға сергек қарайды. Ел ішіндегі өнерлі жандардың айтқан әніне, жырына, күмбірлеген күйіне, от ауызды шешендердің сөзіне құлақ түреді, зердесіне тоқиды. Шағын сауық-сайранды бозбалалар бас қосуында өзі де шырқай ән салады. Есейе келе өнерді серік етуіне жеті-сегіз жасында тойлы ауылға арынды Ақсуға сыйлы қонақ болып келген ақын Сараны көріп, оның қоңыржай майда әуеніне тәнті болуы айтарлықтай ықпал етеді.

Білімді адамның ғана көзі ашық, көкірегі ояу болатынын түйсінген талапкер жас алдымен ауыл молдасынан сауатын ашады. Үміт артқан ұлының діни оқумен алысқа бармасын сезінген Байсейіт ақсақал мұғалім жалдап, баласын Үштөбедегі орысша оқуға береді. Шамамен бұл Қазан революциясы жеңіске жеткеннен кейінгі кеңестік жүйе орныға бастаған 1922 жыл болатын. Дүние танымын жетілдіріп, ой өрісін кеңейтетін білімге енді қолым жетті ме деген тұста індетті сырқаттан анасы Қиуа елу бес жасында (1923 ж.) көз жұмады. Оқуы жайына қалады. Қамқоршы анасынан айырылып, қайғы бұлтын жамылып жүрген сәтінде Бесағаш ревкомында хатшылық қызмет табыла кетеді.

Жалын атқан жас жігітке жергілікті билік үлкен сенім артып, 1924 жылы Қарабұлақ елді мекенінің милиция бастығы етіп тағайындайды. Алайда былғары күртеше киіп, наган ұстап, болмысы бөлек казак-орыстарын тәртіпке келтіру оңайға соқпайды. Олардың қарсылығы мен қастандығына тап болады. Жанындағы бір топ милиция серігімен қорғанамын деп жүріп, басбұзар екі казакты жазатайым атып өлтіреді. Адам өліміне ұрындырған қарекеті үшін тұтқындалып (бар жазығы ескерту оғын атпағаны), түрмеге қамалады. Ақ-қараны анықтау үшін жүргізілген тергеу жұмысы біраз уақытқа созылып кетеді.

Басына түскен нәубеттен Талдықорған волкомының бастығы, Кир-ЦИК-тің мүшесі, жерлес Қатқылбай Байсақов ағасы құтқарады. Мәселенің мән-жайына қаныққасын уездік милиция бөлімінің бастығы Королевтан Қанабекті өз қарауына кепілдікке алады. Жеделдетіп Алматы қаласындағы педтехникумға емтихан тапсырып, оқуға түсуіне жәрдемдеседі. «Өлмегенге өлі балық кезігеді» дегендей, «қылмысты» ісі сотта қаралып жатқан Қанекеңнің ақталып шығуына Қазақстанның бес жылдығына орай жарияланған кешірім амнистияның ықпалы тиеді. «Бір жамандықтың бір жақсылығы болады» демекші, қызыл жағалы қызметтен, жазатайым сотталып кету қаупінен біржолата құтылған Қанабек ағамыздың бағы Алматыда алдағы өмірінің адастырмас темірқазығы әрі жанына жалау болған өміршең өнерде жанады.

«Іштегі буырқанған өнер сыртқа шықпай қоймайды» демекші, Қарабұлақтағы шулы оқиғадан бой тасалап, Алматыдағы қазақ педагогикалық техникумында оқып жүріп, 1926 жылы Алматыдағы орта оқу орнындағы өнерге жақын студенттердің басын қосып, ойын-сауық ұйымдастырады. Өзі бас болып бір-екі спектакльді сахнаға шығарады. Ысылып тәжірибе жинағасын тәлімгер режиссер Айтбек Бейісовтің көмегімен СТС клубында драматург Жұмат Шаниннің «Арқалық батыр» пьесасын қояды. Басты кейіпкер Арқалықты өзі орындайды. Декорациялық дайындық кезінде жас әнші Манарбек Ержановқа (болашақ Қазақ ССР-нің халық артисі) тамылжыта ән салдырады. Өнер көгіне ұмтылыс. Көрермендер дән риза болады. Жергілікті газеттерде жақсы пікірлер жазылады. Осылайша Қанабек ағамыздың студенттер арасында әуесқой театрды жандандырған белсенді іс-қимылы қалалық комсомол комитеті жетекшілерінің назарына ілігеді. «Білім көпке, өнер көкке жеткізеді» дегендей, 1927 жылы қалалық жұмысшы жастар театры ұйымдастырылып, оның режиссері етіп Қанекеңді бекітеді. Ал 1928 жылы Қызылордадан жаңа астана – Алматыға қоныс аударған қазақ драма театрына қатардағы актер болып қабылданады. Осында жүріп сахна саңлақтары Қожамқұлов, Жандарбеков, Бадыров, биші Шарамен танысып, етене араласады. Студенттер клубында Мұхаңның классикалық үлгідегі «Еңлік-Кебек», «Қаракөз», Ілиястің «Исатай-Махамбет», өзі жазған «Озбыр болыс» пьесасын сахнаға шығарады.

Пудармашылықпен де айналысып, өзі аударған Николай Погодиннің «Менің досым» атты пьесасын сахналайды. Москвалық танымал актерлер және білікті режиссерлерімен қоян-қолтық жұмыс істеп, тәжірибесін толықтырады. Режиссерлік өнердің ерекше өнер екендігін ұғынады. Бұған 1933 жылдың жазында Мәскеуден шақырылған режиссер Носонов қойған «Еңлік-Кебек» пьесасы жаңа бір қырынан жарқырай көрінеді. Өткен ғасырдың отызыншы жылдары Одақ тарапынан шеткері одақтас республикалардың өнері мен әдебиетін өркендетуге айрықша көңіл бөлінеді. Қазақстан Өлкелік Комитетінің (1933ж.) «ұлттық өнерді дамыту туралы» қаулысы шығады. Қаулыда музыкалық ұлт театрын ашу қажеттілігі аталып көрсетіледі. Алғашқы кезекте драмтеатрдың жанынан музыкалық студия ашылады. Алматыда музыкалық театр құру ісі жедел қолға алынады. Әйтсе де кейбір мамандар тарапынан жаңадан бой көтеретін музыкалық театр қазақ өнері табиғатына жараспайды, оның болашағы бұлыңғыр деген сенімсіз пікір де туындайды. Қазақ өнерінің бағына туған дүлдүл Қанабек ағамыз бен бұлбұл Күләш апамыздың дархан дарыны тығырықтан алып шығады. Олардың қолдаушылары республика халық ағарту (Наркомпрос) комиссары, «Темір нарком» атанған Темірбек Жүргенов, танымал режиссер Жұмат Шанин, жазушы-драматургтер Мұхтар Әуезов пен Ғабит Мүсірепов болды. Айтулы оқиға 1934 жылдың 13 қаңтарында драмтеатр сахнасында атақты «Айман-Шолпан» комедиясымен (Авторы Әуезов, музыкасы И. В. Козык, қоюшы режиссері Шанин) тұңғыш қазақ музыка театры шымылдығы ашылуымен ерекшеленеді.
Премьера көпшілік көңілінен шығады. Қызығушылыққа орай ол тіпті күнде қойылады. Сол жылдың 13 қаңтары мен 15 мамыр аралығында аталған қойылым жүз рет сахна шымылдығын түреді. Айман болып ойнаған Күләш, Арыстанды сомдаған Қанабек, Көтібар рөлін шырқау шыңына шығарған Құрманбек, бишілік өнерімен ерекшеленген биші Шара көрермендердің ыстық ықыласына бөленеді. Театр артистері гастрольдік сапармен облыс орталықтарына да барады. 1936 жылы Қанабек ағамыз кәсіби білімін жетілдіру мақсатында Наркомпростың ұйғарымымен Мәскеуге режиссерлер даярлайтын алты айлық курсқа оқуға барады. Әйтсе де сол жолы Мәскеуде емделіп жатқан Наркомпром басшысы Жүргеновтің «Бізге қазір театр керек. Оқу, өсу, жетілу содан кейінгі шаруа. Сен менімен Алматыға қайт», – деген өтінішін жерге қалдырмай елге оралады. Жаңадан ашылған музыкалық театрдың директоры болып тағайындалады.

Қазақ өнерінің бағына қарай Ленинградтан консерватория бітірген Александр Затаевичтің жинаған «Қазақтың мың әніне» айрықша қызығушылық тудырған Евгений Брусиловскийдің Алматыға қоныс аударуы, ұлттық өнерді жандандыруға құлшыныс танытуы жаңа саланың деңгейін көтеруге көп септігін тигізеді. Темірбек Жүргенов Қанабек ағамен ақылдаса келе оған халық музыкасы негізінде «Қыз Жібек» операсының музыкасын жазуды тапсырады. Либреттосы – Мүсіреповтікі. Атақты Әміре, Манарбек, Иса, Ғарифолла, Құрманбек, Жүсіпбек пен басқа да әншілердің репертуарындағы әндерінен қажеттісі сұрыпталынады. Қанекеңнің өзінен қайғылы «Орақ батырдың шешесінің әнін» жаздыртады. Брусиловский болса екі айдың ішінде болашақ операның хорын, биін, арияларын, яғни барлық музыкасын қиюластырып, клавирін жазып бітіреді. «Қыз Жібек» ұлттық операсының тұңғыш авторы, композиторы Евгений Брусиловский, оның сенімді серігі Қанабек пен Құрманбек аға болады. Кейін оның ізденісімен Бейімбеттің либреттосы бойынша «Жалбыр» операсы жазылады. Жас кезінде ата-баба салтымен Сарыесік-Атырау бойын жайлаған Есенбайдың Гүлдана атты қызына үйленіп, бала сүйеді. Алайда екеуара сүйіспеншілік болмағасын ажырасып тынады. Алматыда болашақ жары Күләшпен танысады. Оны театрға өз қолымен жетелеп әкеледі. Ол режиссер Жұмат Шаниннің «Шахта» деген пьесасындағы Зейнептің рөлін келістіре ойнап, үлкен сахнаға жолдама алады. 1933 жылдың сәуірінде құдандалы Байсейіт пен Жасын ақсақалдың батасын алғасын Қанекең мен Күләш үйленеді.

Сахнада Төлеген мен Жібек, Ақжүніс пен Тарғын, Айман мен Арыстан болған өнердің қос тарланы ширек ғасыр бойы жұптары ажырамайды. Күләш Мәскеудегі онкүндік тұсында (1936 ж.) небәрі 24 жасында дара шығып, КСРО халық артисі атағын алады. «Қазақтың бұлбұлы» атанады. Есімі шетелдерге де танымал болады. Қатарынан екі рет (1948, 1949 жылдар) Одақтың Мемлекеттік (бұрынғы Сталиндік) сыйлық лауреаты атанады. Жоғарғы Кеңестің депутаттығына сайланады. Алайда, көреалмаушылық пен қызғаныш Күләштай жүз жылда емес, мың жылда туатын өнер шамшырағының түбіне жетеді. Қытайға баратын делегация қатарынан жазықсыз шеттетіліп, Мәскеуде жұмбақ жағдайда қаза табады. Халқымыздың сан мың ғасырлық тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан әншілік өнерін шырқау көкке көтерген Күләш апамыздың есімі біздер үшін Қараталдың келіні деген атпен қымбат әрі қастерлі. Көнекөздердің естелігіне ден қойсақ, Күләш жеңгеміз Қанекеңмен ілесіп Қаратал топырағына әлденеше рет келген. Қайын жұрттың өтінішін аяқсыз қалдырмай, жиын тойлар мен концерттік қойылымдарда шырқай ән салған. Бұл турасында ақын Күләш Ахметова: «Табиғат қалай қиып бере салған, соншама жаны нәзік ұлы әншіні?! Тұра алмас оңай ұстап даңқты әркім, туады ақиқатты анықтар күн. «Гәккуін» айтып Күләш Байсейітова, қалады бірі болып алыптардың», – деп ризашылық сезімін білдіреді. Қанабек ағамыздың Күләшті жанына алып, ат арбамен Алматыдан Үштөбеге барар жолда Арқарлы асуында тоқтап, жайылған дастарқаннан дәм татуы, сол айтулы оқиғаға орай ел азаматтарының 2009 жылы ескерткіш белгі орнатуы бөлек бір әңгіме желісі. Мәскеудегі өнер онкүндігі. Қанабек ағамыздың санқырлы өнері мен ұйымдастырушылық қабілеті жарқырай көрінуі. 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігі нарком Жүргеновтің «Бәрімізге, елге сын болатын, елдің намысы додаға түседі, оған елім, жерім дегендер ғана қатысады», – деп айтқан өнер бәйгесіне Қазақстан басшылығы мен сахна саңлақтары мықтап дайындалады. Қанекең ол кезде Қазақ мемлекеттік музыка театрының директоры болатын. Талғампаз әрі кірпияз Мәскеу жұртшылығын таңырқату, олардың жоғары бағасына ие болу оңайға түспейді. Жыр алыбы Жамбылды топ бастар серке етіп, үш жүз адамдық делегациядан тұратын қазақ өнерпаздары «Қыз Жібек» пен «Жалбыр» операсын келістіре қояды. Жібектің ариясын тамылжыта орындаған Күләш «Шелковая девушка», Төлеген ариясын шырқай салған Қанекең «Юноша Тулеген» деген атаққа ие болады. 27-де Кремльдің Үлкен сарайында Үкімет басшыларының қатысуымен (Бас хатшы И. Сталиннің өзі де болады) қазақ өнері онкүндігінің нәтижесі аяқталуына орай үлкен банкет беріледі. Бір топ өнер тарландары (барлығы он үш адам) Үкіметтің Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» орденімен марапатталады. Солардың қатарындағы Қанекең «Құрмет белгісі», ал Күләш апамыз Еңбек Қызыл Ту орденіне ие болады. Атақ жағына келсек, қазақтың бұлбұлы Күләш небәрі 24 жасында өнер қайраткерлері К. Станиславский, Немирович Данченкомен иық теңестіре КСРО халық артисі, ал Қанабек ағамыз Қазақ КСР халық артисі атанады.

Қараша ҚАРАМАН

Қатысты жаңалықтар

«Қызыл жұлдыз» қалай берілді?

«Қызыл жұлдыз» қалай берілді?

09.05.2026
Бәйгеден облыс әкімінің кубогы сарапқа салынды

Бәйгеден облыс әкімінің кубогы сарапқа салынды

09.05.2026
Майданнан қалған жәдігер

Майданнан қалған жәдігер

09.05.2026
Майлышаттан майданға дейін

Майлышаттан майданға дейін

09.05.2026
Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

09.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.