Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстан Әскери-әуе күштері күнін атап өтуде

2 шілдеде Қазақстанда ел аспанын күзететіндердің кәсіби мерекесі – Әскери-әуе күштері күні атап өтіледі. 1998 жылы 2 шілдеде Әуе қорғанысы күштерінің Әскери-әуе күштерін құру туралы директива шықты.

2 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Қазақстан Әскери-әуе күштері күнін атап өтуде

ҚР Қорғаныс министрлігі

WhatsAppTelegramFacebook
Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Осы уақыт ішінде әскери авиация кең ауқымды тапсырмаларды шешуге қабілетті заманауи қуатты құрылымға дейінгі жолдан жүріп өтті.
ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Әуе күштері мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Олардың негізгі міндеті – әуе кеңістігін қорғау, стратегиялық маңызды нысандарды бүркемелеу, Құрлық әскерлерінің әрекетіне қолдау көрсету. 

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстанның Әскери-әуе күштері үшін кәсіби кадрларды Ақтөбедегі екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында даярлайды. Онда курсанттар теорияны меңгеріп, заманауи тренажерларда жаттығады және ұшуға дайындықтан өтеді. Институт түлектері ұшқыштар, штурмандар, техниктер және әскери авиация құрамының басқа да маңызды санаттарының қатарын толықтырады. 

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Өзгермелі геосаяси жағдайда әуе күштері дамуын жалғастыруда. Осыған сәйкес оқу бағдарламалары қайта қаралды. Дайындықтың жаңа әдістемелері енгізіліп, халықаралық және түраралық оқу-жаттығуларға қатысу жандануда. Мұндай іс-шаралар тәжірибе алмасуға, одақтастармен қарым-қатынасты шыңдауға және жауынгерлік дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. 

Қазақстандық ұшқыштардың кәсібилігі мен адалдығын көрсеткен жарқын эпизодтардың бірі 2024 жылғы көктемгі су тасқыны кезінде орын алды. Күрделі ауа райы жағдайында тікұшақтар мен ұшақтардың экипаждары тұрғындарды су басқан елді мекендерден эвакуациялауды қамтамасыз етті. Бір айда 600-ге жуық ұшу орындалып, 3,5 мыңнан астам адам құтқарылды. Екі мыңға жуық маман және 280 тоннадан астам гуманитарлық жүк тасымалданды.

Осы жетістіктердің артында ұшу және инженерлік құрам, байланысшы, метеоролог, техник және азаматтық қызметкерлер секілді үлкен ұжымның күнделікті жұмысы тұр. Олардың кәсібилігі Қазақстанның сенімді және заманауи авиациясының негізі деуге тұрарлық.

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.