Садақ атудан Сингапурда өтіп жатқан Азия кубогының кезеңінде Қазақстанның ерлер құрамасы финалға жолдама алды, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Блоктық садақ атудан командалық сайысқа қатысып жатқан ұлттық құраманың намысын Андрей Тютюн, Ділмұхамед Мұса және Бунед Мирзаметов қорғауда.
Ширек финалда отандастарымыз Филиппин құрамасын 229:223 есебімен жеңсе, жартылай финалда Малайзия командасымен тартысты бәсекеде 232:231 есебімен басым түсті. Бұл жеңіс оларға финал жолдамасын сыйлады.
Финалда Қазақстан құрамасы Азияның мықты командаларының бірі – Үндістанмен кездеседі.
Айта кетейік, бұл жетістік еліміздің садақ ату спорындағы әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.
«Жетісу-Ақпарат»