Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде ескірген көліктер көп. 10 жылдан асқан көлік саны автопарктің 67%-ын құрайды.
Олардың ішінде:
- жеңіл көліктер – 86,6%;
- жүк көліктері – 9,6%;
- автобустар – 1,8%;
- мотокөлік құралдары – 2%.
Үш жылдан аспаған көліктердің саны – 453,1 мың (яғни жалпы автопарктің 7%-ы). 3 жылдан 10 жылға дейінгі көліктер – 1,6 миллион бірлік (25,8%). Ал 10 жылдан асқан көлік саны – 4,3 миллионнан асады. Бұл автопарктің 67%-ын құрайды.
2025 жылдың маусым айында қазақстандықтар тіркеуге қойған көлік саны – 159,2 мың бірлік. Оның ішінде:
- жеңіл көліктер – 143 мың;
- жүк көліктері – 9,8 мың;
- автобустар – 1,3 мың;
- мотокөліктер – 5,1 мың бірлік.
Дереккөз: Stan.kz





