Сингапурде өтіп жатқан World Aquatics конгресінде 2026 жылы өтетін «Silk Road» жүзуден Әлем кубогінің кезеңдері өтетін қалалар белгілі болды, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Аталған халықаралық турнирдің бірінші кезеңі Әзірбайжан астанасы Бакуде басталады. Кейін жарыс Өзбекстанның Ташкент қаласында жалғасын табады. Ал соңғы, үшінші кезеңді Қазақстанның бас қаласы – Астана қабылдайды. Бұл – еліміздің жүзу спорты тарихындағы осындай ірі деңгейдегі жарысты алғаш рет өткізуі болмақ.
Жарысқа Олимпиада ойындарының, әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ әлем рекордшылары қатысады деп жоспарланып отыр.
Әлем кубогінің барлық кезеңдерінің нақты мерзімі кейінірек жарияланады.





