Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлттық банк басшысының айтуынша, бұл шешім осындай шағын номиналды тиындарды шығаруға қосымша шығын кетуіне байланысты қабылданған.
«Оны шығару орынсыз екенімен келісеміз (1 теңгені — еск.), сондықтан негізгі жоспарымыз мынадай: ол айналымда бар, қала береді, бірақ қосымша шығаруды жоспарлап отырған жоқпыз. Сондай-ақ, бұл 2 теңгеге де қатысты», — деді Сүлейменов Сенат дәлізінде.
Ол айналымдағы тиындар алынбайтынын, алайда жаңаларын шығару тоқтатылатынын мәлімдеді.
«Айналымда, қалтамызда жүргендерді алып тастамаймыз. Бірақ жаңасына ақша жұмсамаймыз», — деп түйіндеді Ұлттық банк басшысы.