Еліміздің жаңа көлік министрі болып Нұрлан Сауранбаев тағайындалды, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының көлік министрі лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін парламент мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында көлік министрі лауазымына Нұрлан Сауранбаевтың кандидатурасы келісілген еді.
Нұрлан Сауранбаев бұл қызметте Марат Қарабаевты алмастарды.
Көлік министрлігін екі жылдай басқарған Марат Қарабаевты президент 2025 жылғы 8 маусымда лауазымынан босатқан еді.