Талдықорған: +20°C
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қоңырда құрыш шыңдаған

Қайран Абай! Қазақтың өткен-кеткен тарихында алты Алаштың баласының жігерін ондай жани сөйлеген дана Абайдан асқан перзент жоқ шығар, сірә?! Шығар емес, жоқ. Сол Абай: «Талапты ерге нұр жауар» депті. Айтса айтқандай, қай істі бастағанда сәттілікті де, олжаны да, пайданы да қалыптастырар бір ғана пендеуи қасиет осы. Талабы жетпеген жетістікке жетпейді. Ісі өнбейді, тірлігі алға жылжымайды. Ал талаппен тау да қопаруға болады. Оған дәлел тағы Абай. Бұл жолы Құнанбайдың емес, Мырзағалидың Абайы. Танымаймысыз? Онда таныстырайық...

16.11.2025
КҮНДЕРЕК
Қоңырда құрыш шыңдаған
WhatsAppTelegramFacebook

Сөзді орағытпай, ойды тау мен сайды желдіртпей төтесінен желдірейік. Ескелді ауданына қарасты Қоңыр атты ауыл орын тепкен. Сол елді мекеннің құрамында Көктөбе атаулы жер бар. Бірнеше отбасыға пана болған ауылда Абай Бодаубаев есімді азамат тұрады. Елудің тізгінін тартқан азамат әлемді аузына қаратқан шешен, күллі пендені мойындатқан балуан емес. Қарапайым шаруа. Жерге дән сеуіп, нәпақа жиған диқан. Төрт түлік бағып, ырысын арттырған еңбек адамы. Ең бастысы – ұста. Төс пен балғаның құлағында ойнап, талай қаруды жасаған ісмер. Қару болғанда оқ-дәрі ататын емес, тұрмысқа қажетті пышақ жасаушы. Оның жасаған пышағы – қасапшының, асүйдің «қаруы».

Кейіпкерімізбен таныстық қызық болды. Әлеуметтік желіге телмірген дәуірде қалтафонға зер салмасақ отырмайтын жайт бізде де бар. Содан желідегі жазбадан жайлаудан көш барысында тығырыққа тіреліп, қиыншылықтарға тап болған кісілердің әңгімесіне тап болдық. Көлік бұзылған, аяқасты жауған қар төрт түлік иесін әбден әбігерге салған. Ат-көлік жараусыз қалған. Баққанын қараусыз қалдырмасқа бекінген шопан «қоңырын» жаяулай айдап Көктөбе ауылының жанынан өтіп бара жатқанда бойына қайырымдылық ағашы өркен жайған Абай Мырзағалиұлы тосын мінез танытқан табиғаттан төрт түлікті аман сақтауға жәрдемдесіпті. Онысын шопанның жары желіге жүктеп, алғаусыз алғысты қарша жаудырған. Бірнеше күн Әбекеңнің үйінде құдайы қонақ болғанда шаңырақ иесінің шеберлігін байқап, ұсталық өнерін жарнамалапты. Телефон нөмірін жазба астына қалдырған. Не керек, жарғақ құлақ жастыққа тимейтін тілші үшін бұл таптырмас ақпар. Қоңырау шалдық, шебермен тілдестік. Шын қуандық. Жөнімізді айтып, газет бетіне ұсталық өнер жайында мақала даярламақ екенімізді, соған кейіпкер болуға қолқа салдық. Кісілігінен кішілігі басым Абай Мырзағалиұлы бірден келіспеді. Ұсталықтың тек қызығушылық екенін, негізгі кәсібі мал және егін шаруашылығы екенін айтып ақталып, газетке шықпаудың сылтауын іздеді. Қолқалап жүріп әрең көндірдік.

Абай Бодаубаев шынында бос уақыты жоқ адам екен. Ала жаздай 300 гектарға дән сеуіп, содан нәпақа жинайды. Дала төсінен өзінен бөлек, алты бауырының ырыс-несібесін тереді. Егіні өз алдына, 70-80 бастай мүйізді ірі қарасы бар, олардың да бабын табады. Көктөбе ауылындағы 10 адамды жұмыспен қамтыған азаматтың қолы шынында бос емес. Жаздай алқапта, қыстай сол алқапта дүріл тудыратын техникасын жөндейді. Дейтұрғанмен, бір күннің әрбір минутын, әрбір секундын бос өткізбеуге бекінген азамат ұсталықты да жанына серік еткен.

– Қызығушылықтан туған дүние ғой. Әйтпесе ата-бабамыз ұсталық өнермен айналыспапты. Әкем – экономист, шешем – есепші. Отбасылық кәсіпті ұстап отырғаннан кейін бауырларымызға қарайласып отырамыз. Әрі қасапшымын. Әдетте мал сойғанда базардағы пышақты пайдаланамыз ғой. Олардың дені әлсіз. Содан қолдан пышақ жасауға машықтандым. Ұстазым – YouTube. Ұсталықты сол жерден үйрендім. Бірақ, интернеттегі ақпараттың 80 пайызға жуығы жалған. Шынайы ақпарат бермейді. Ондағы парақшалардан сәнді һәм әдемі пышақтарды жасаудың әдісін меңгеріп, жасағаныммен әлсіз болды. Морт сынғыш. Әрі әрбір парақша әйтеуір өз өнерін көрсетуде бір саусағын бүгіп қалады. Жасау әдісінде бір дүниені құпия ұстайды. Кейін өз ізденісім мен зерттеуімнің нәтижесінде өзімізге қолайлы пышақ жасауға көштім, – дейді ұста.

Мырзағалидің Абайы ұста болғалы көп болмаған. Бар-жоғы 5 жыл. Әуелде қолда бар техниканың сынған, бұзылғанын өзі дәнекерлеп жүреді. Содан металға деген «махаббат» ашылады ғой. Айтуынша, жылына 50-ден астам қасапшы құралын жасайды. Бір пышақты жасауға шамамен 2 күн уақыт кетеді. Әрі ұста жазда төс пен балғаға жуымайды. Тек қыста темір қыздырады. Абай Бодаубаевтың ұсталығы үйіне кіргенде көрінеді. Төр бөлмеде темірден соғылған шаңырақ кейпіндегі жарықшамы (люстра) тұр. Қонақ күтетін бұл бөлме қазақылықтың сарыны есіп тұратынын жеткізді үй иесі. Себебі, ұста бөлме төріне қойылатын шаңырақ, ердің бес қаруы сынды бұйымдарды жасауда. Ендігі келгенімізде дайын болатынын жеткізді.

Темірден түйін түйген азамат өнерін жасаған бұйымы арқылы таныстыруды көздегендей қолымызға салмағы 10 келіге жуық қылыш ұстатты. Содан кейін жылқы қылы байланған алып найзаны көрсетті. «Жау келсе елімді, жерімді осымен қорғаймын», – деп әзілдеп те қойды. Содан кейін алдымызға пышақтарын жайып салды. Ішінде якут, аңшы және қасапшы пышақтары бар. Айтуынша, якут атаулысы жеңіл әрі өткір келеді. Алайда онымен мал сою мүмкін емес. Жалпы, әр пышақты қолдану аясына сай пайдаланса, ұзақ қызмет етеді екен. Мәселен, қасапшы пышағын асүйде қолдануға болмайды.

– Негізі темірден бұйым жасауда ата-бабамыз қолданған әдіс-тәсілді қолданамын. Темір өңдеудегі ұлттық технология терең зерттеуді қажет етеді. Бұл тұтас ілімі бар өнер. Сол өнерді жандандырғым келеді. Қазір ауыл тұрғындары жиі пышақ жасатады. Кейде оны қайратуға келеді. Бір кісі мен жасаған бұйымды алып, жиі қайрататынды шығарды. Өкпелеп те жүрді. Менің «туындым» жүзі қайтқыш келеді екен деді. Пышақ жүзін нан, пияз және картоп тез қайтарады. Қасапшы құралы тоттануы керек. Тоттанбаған пышақтың құрамы әлсіз, сапасыз болады. Әдетте бұйым жасарда темірдің құрамына қатты мән беремін. Жылтыраған құрал жасағаннан гөрі сапалы болуына күш саламын. Өнерім – қызығушылығым. Оны кәсіпке айналдыруды көздеген емеспін, – дейді ұста.

Шебердің айтқаны оның жасаған бұйымдары сәнсіз екен дегенді білдірмейді. Сәнін де келтіреді. Пышақ сабын жасауда түрлі материалды пайдаланады. Мәселен, таутеке мүйізін іздеп шыққан кездері де болыпты. Тау арасынан тауып, өзі қолданып жүрген қанжарына сап еткен. Кейде сұранысқа сай ағаштың түр-түрін қолданады. Әдетте қасапшылар пышақтың қолдан таймауына мән береді. Бұл ретте ағаш сап аса қолайлы екен.

Абай Мырзағалиұлы тек төрт түлік бағатын, егін егетін шаруа, көрік қыздырған ұста ғана емес, айналасына өсиет таратушы да екен. Сөз арасында қоғамдағы кемшін тұстарды сөз етті. Айтуынша, қазір көп жұрт баласын тәрбиелеудің орнына тек асырап жүр. Қажетін сатып алып беруге әуес. Тағы бір ойы көңілге қонды, қоғамдағы жай – отбасының айнасы.

4-5 сағат үйінде мейман еткен көктөбелік ұстаның айтқаны көп, айтары жеткілікті. Дейтұрғанмен, оның бәрін тізбектей берсек кітапқа айналады. Бастысы, қызығушылығын пайдалы іске бағыттаған ұстаға амандық тілейміз.

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

«Қызыл жұлдыз» қалай берілді?

«Қызыл жұлдыз» қалай берілді?

09.05.2026
Бәйгеден облыс әкімінің кубогы сарапқа салынды

Бәйгеден облыс әкімінің кубогы сарапқа салынды

09.05.2026
Майданнан қалған жәдігер

Майданнан қалған жәдігер

09.05.2026
Майлышаттан майданға дейін

Майлышаттан майданға дейін

09.05.2026
Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

09.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.