Талдықорған: +16°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Әр өтініш бақылауға алынады

26.04.2025
КҮНДЕРЕК
Әр өтініш бақылауға алынады

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Жер аманаты» комиссиясының мүшесі Бақытжан Базарбек пен Мұрат Әбенов облысқа арнайы ат басын бұрып, жетісулық тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдады. «Жер аманаты» комиссиясы пайдаланылмай жатқан және заңсыз бөлінген ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесімен айналысады.

«AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне келген тұрғындар несиелік қарыз, тұрғын үй, жер мәселесі бойынша өтініш білдірді.  

Алматы облысы адвокаттар алқасының адвокаты Берік Камалов пен заңгер Қайрат Орынбасаров «Жетісу» ӘКК мен «Нұрай несие» ЖШС ынтымақтастығы аясында берілген несиелер мәселесін көтерді. Олардың арасындағы дауды сот корпорацияның пайдасына шешкен. Бірақ оның алдындағы міндеттерін орындаған 37 адам шешіммен келіспей, депутаттардан көмек сұрап отыр. Бұл мәселе «АМАNАТ» партиясы жанындағы жер комиссиясының құзырына кірмесе де өтініш иелері Алматы облысы, Кеген ауданынан келгенін, облыс аумағы екіге бөлінбеген кезден бері көтерілген мәселе екенін ескерген депутаттар көмек көрсетуге дайын екендіктерін айтты. 

Мәселенің мән-жайын толық тыңдаған Бақытжан Базарбек ешкімнің заңды бұзуға, сот шешіміне қарсы шығуға, тіпті, депутаттардың да құқығы жоқ екенін жеткізді.

– Маған хат жазыңыз. Осының негізінде мен Бас прокуратураға хабарласамын, ол өз шешімін шығарады. Сот актісін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауға негіздер бар ма, жоқ па, оған құқықтық баға берілгеннен кейін ғана мәселе шешіледі, – деді.  

Ал Ескелді ауданы Ешкіөлмес ауылындағы «Медеуов Д. Е» шаруа қожалығының директоры Дидар Медеуов «Шаруалар өте көп мөлшерде ақша төлеп отыр» деп дабыл қақты. Оның айтуынша, Аграрлық несие корпорациясы арқылы несие және «ҚазАгроҚаржы» арқылы лизингке техника алған кезде жылдық мөлшерлеме 22-24 пайызға жеткен. Келісім бойынша мемлекет оларды 16 пайызын субсидиялауы тиіс. Ал шаруалар қарыздың 6-8 пайызын ғана өтейтін болған. Бірақ мемлекет субсидия төлеуді бір жылдан астам кешіктіріп отырғандықтан, тауар өндірушілер қарызды толығымен өз қалталарынан өтеуге мәжбүр. Ауыл кәсіпкерлері үшін бұл шаруаны дамытуға тосқауыл болуда. «Біз субсидиялау мәселесін Жоғарғы есеп палатасында көтердік. Қазір бұл мәселені прокуратура тексеріп жатыр. Оның орындалуы туралы ақпарат таяуда жарияланады», – деді Бақытжан Базарбек.

Көксу ауданында 2019-2020 жылдары «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша халықтың әлеуметтік осал тобына жататын азаматтарға екінші нарықтағы  жалға берілетін тұрғын үйлер сатып алынған. Баспана 1970-1985 жылдар аралығында салынған. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан алған екінші нарықтағы үйлер ескіргендіктен жөндеу жұмыстарын жүргізу тиімсіз. Алайда көксулық тұрғын Айнагүл Оразбаева халық қалаулыларынан Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заң нормаларына жылдары ескірген, тозығы жеткен, екінші нарықтағы тұрғын үйлерді жекешелендіруді өтемсіз алу тізіміне кіргізуге ықпал етуді  сұрауда. Мәжілісімендер Айнагүл Оразбаеваға үйге техникалық сараптама жүргізіп, нарықтық құнына сәйкес келмейтінін құжаттандыруға кеңес берді. Барлық құжатты қабылдағаннан кейін депутаттар аудан әкімдігімен тікелей жұмыс жүргізіп, істі соңына жеткізетіндіктерін айтты.  

Қабылдауға Сұлтан Жексенов, Жанатбек Сарғалдақов, Ержан Жаңажыл есімді ескелділік азаматтар «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында туындаған қиындықтарға тоқталды. Облыстық ауылшаруашылық басқармасының мәліметінше, 2024 жылы облыс бойынша жалпы сомасы 2,6 млрд. теңгені құрайтын 342 өтінім берілген. Кейбіреулер жылдам қаржыландыруға үміттеніп, жобаларын бастаған. Алайда ешқандай да қаржы бөлінбеген. Өтініш берушілер «бұрын мақұлданған өтінімдер бойынша қаржыландыру қарастырыла ма?» деген сұрақтарын қойып, мәжіліс депутаттарынан көмек сұрады. Бұл мәселе де Заң аясында шешілетіні айтылды. 

Қабылдауға келген тұрғындардың өтінішін қабылдаған халық қалаулылары әрбір іс бақылауға алынып, тиісті органдарға жіберілетініне сендірді. Жұмыстар

Заң аясында қатаң түрде жүргізілетін болады.

Еңлік КЕНЕБАЙ
Фото: kazvedomosti.kz

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.