Талдықорған: +9°C
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

РАЙЫМБЕК АУДАНЫНДА 140 БҮЛДІРШІНГЕ АРНАЛҒАН БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

2 қаңтар 2021
КҮНДЕРЕК
РАЙЫМБЕК АУДАНЫНДА 140 БҮЛДІРШІНГЕ АРНАЛҒАН БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Сарыбастау ауылында 90 орынды бөбекжай балабақшасы күрделі жөндеуден өтіп, игілікке беріліп еді. Енді, міне, бес мың халқы бар Сарыжаз ауылынан 140 орынды «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы күрделі жөндеуден өткізіліп, балапандар қуанышқа кенелді.

– Құрметті ауыл тұрғындары! Жақсылыққа, қуанышқа не жетсін? 2020 жылы аудан орталығын айтпағанда, өңірде 3 орта білім шаңырағы, атап айтқанда, М.Мақатаев, Қ.Шорманов, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептер күрделі жөндеуден өткізіліп, оқушылар мен ұстаздар  заманға лайық білім ордасына ие болды. Оның сыртында Қақпақ, Жамбыл ауылдарында жаңадан дәрігерлік шаңырақтар көтеріліп, ел игілігіне берілді. Міне, енді Сарыжаз ауылындағы Кеңес Одағы тұсында салынып, кейін бос қалған бөбекжай балабақшасы заманға лайық күрделі жөндеуден өтті. Қуаныштарыңыз құтты болсын! Осынау жылы да жайлы балабақшасынан болашақта Тәуелсіз Отанымыздың тірегі болар азаматтар көптеп шықсын! Балабақшаның іші балапандарға толсын! – деді балабақшаның салтанатты ашылуында Райымбек ауданының әкімі Нұржан Құдайбергенов.

Өңір басшысы, сонымен қатар, осынау ғимаратты күрделі жөндеуден өткізіп берген «Еңбек» ЖШС директоры Әбілдаев Құрбан Тәліпханұлы бастаған құрылысшылар қауымының атына жүрекжарды алғысын айтты.

«Күншуақ» бөбекжай балабақшасында 6 топ бойынша 140 балапан мектепалды тәлім мен тәрбие алатын болады. Жалпы, аталған шағын орталықта жұмыс істеген жандар осы балабақшаға орналаспақ. Бюджеттен 277 миллион теңге қаражат бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстарымен айналасқан «Еңбек» ЖШС-нің құрышқолды құрылысшыларына алғыстан басқа айтар жоқ. Құрылыс жұмысы жүріп жатқан кезде көзіміз көргендей, жер сілкінісіне қауіпсіздік іс-шараларын бекемдеп, қажырлы жұмыс істеді.

Іргесі мықты, діңі берік, жайнаған балабақшадан көңіліміз көтеріліп аттандық.

Қанат БІРЖАНСАЛ

Райымбек ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Өркендеудің өзегі

Бүгін, 17:30
Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Бүгін, 17:25
Бабалардан жеткен бұйым

«Дамумен» дамыған бизнес

Бүгін, 16:32
Анаға арналған миллиардтар: Қазақстанда көпбалалы отбасыларға төлем рекорд жаңартты

77 мың медицина қызметкеріне қосымша төлем беріледі

Бүгін, 16:19
Жетісуға «FlyArystan» ұшады

Жетісуға «FlyArystan» ұшады

Бүгін, 16:13

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.