Талдықорған: +30°C
$ 518.34
€ 607.91
₽ 6.66
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Республикалық меншіктегі жекешелендіру объектілерін сату

04.07.2025
КҮНДЕРЕК
Республикалық меншіктегі жекешелендіру объектілерін сату

egemen.kz

Жетісу облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына сәйкес, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі ретінде Жетісу облысының республикалық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады. ​Көрсетілген Қағидаға өзгерістер енгізілді.  Соған тоқталсақ…

​Жекешелендіру объектісі нарықтық құны бойынша сатылады және теңгерімдік құнынан төмен болуы мүмкін. Мемлекеттік заңды тұлға мемлекеттік мүлікті өзінің басқарушы мемлекеттік органының жазбаша келісімі негізінде тиісті құжаттарымен сатуға ұсынады.  Оны сатып алушы алғанға дейін сақтайды.

​Сауда-саттыққа қатысуға кепілдік жарна нысан бағасының он бес пайызын құрайды. Жеңiмпаз сауда-саттық нәтижелерi хаттамасына не сатып алу-сату шартына қол қоймаса, сатып алушы шарт мiндеттемелерiн орындамаса кепiлдiк жарна қайтарылмайды.  Қалған барлық басқа жағдайларда кепілдік жарна сома оны қайтару туралы өтініште көрсетілетін деректемелерге қайтарылады.

​Сауда-саттық өткізу хабарламасы ол өткізілгенге дейін күнтізбелік он бес күн бұрын жарияланады.  Өткiзiлетiн күнiн, орнын, уақытын, түрін, нысанын, әдiсiн, объектiсiн, бастапқы және ең төменгі бағаларын, кепілдік жарнаның мөлшерін, оны аудару үшін банктік деректемелер, өтiнiмдер қабылдау орны мен мерзімін, сауда-саттық шарттарын,  сатушы бойынша ақпаратты,  т.б. қамтиды. Сауда-саттыққа қатысушылар хабарлама жарияланғаннан басталып аукцион басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады.

​Аукционға қатысу үшін жеке тұлғалар өз мәліметтерін көрсетіп, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелуі қажет. Қатысушы көрсетілген талаптарды сақтамаса, электрондық әмиянда кепілдік жарнасы болмаса, өтінім қабылданбайды.

Аукцион екі әдіспен бағаны көтеру және бағаны төмендету арқылы өтеді. Бағаны көтеру әдісін қолданғанда нысанның бастапқы бағасы алғашқы бағасына тең болады. Ал екінші әдісті қолданғанда нысанның бастапқы бағасы алғашқы бағаны 3-ке тең арттыру коэффициентіне көбейтіледі. Алғашқы сауда-саттықта бағаны көтеру әдісі, екіншісінде бағаны төмендету әдiсi қолданылып, алғашқы бағаның елу пайызы мөлшеріндегі ең төмен баға белгіленеді. Ал үшіншісінде бағаны төмендету әдiсi қолданылып, ең төмен баға белгіленбей шығарылады. Қатысушыға аукцион нөмірімен арнайы орынға кіруге рұқсат беріледі және олар сауда басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірімен кіреді. Аукцион жұмыс күндері, сағат 10:00-17:00 кезеңінде өтеді.  Қатысушылар болмаса, ешкім сатып алу ниетін растамаса және жеңімпаз анықталмаса аукцион өтпегені жөнінде акті толтырылады.  Ал нысан қайта сатылады.

​Әрбір сатылған бұйым хаттамамен рәсімделіп, оған сатушы мен жеңімпаз ЭЦҚ-мен сол күнi қол қояды. Сатушы бес күн ішінде электрондық форматта тізілімнің веб-порталында шарт жобасын сатып алушыға ұсынады. Ал тараптар ЭЦҚ-мен хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оған қол қояды. Алайда жеңімпаз сауда-саттық нәтижелері хаттамасына немесе шартқа тиісті мерзімдерде қол қоймаса, сатушы аукцион нәтижелерінің күшін жойып, объектіні сауда-саттыққа қайтадан шығарады. Сондай-ақ сатып алушы енгізген кепілдік жарнасын жоғалтады. Шарт бойынша есеп айырысулар сатушы мен сатып алушы арасында жүргiзiледi.  Сатып алушы есеп айырысуларды аванстық төлем жекешелендiру объектiсiн сату бағасының кемiнде он бес пайызы мөлшерiнде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешiктiрiлмей енгiзiледi (кепiлдiк жарна тиесiлi аванстық төлем есебiне есептеледi).  Қалған сома тараптардың уағдаласуы бойынша, бiрақ сатып алу-сату шартына қол қойған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешiктiрмей енгiзiледі. Аванстық немесе түпкілікті төлемнiң мерзімі өтсе шарт біржақты тәртіппен бұзылып, сатып алушыға кепілдік жарнамен жабылмаған бөлігінде iс жүзiндегi шығындарды өтеу туралы талаптар қойылады.

​Республикалық меншiк объектiлерiн жекешелендiруден алынған қаражат Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiледi және олар туралы мәліметтерді сатушы сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша сату бағасын төлеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тізілімге енгізеді. Жекешелендіру бойынша сауда-саттықты дайындау және өткізу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асады.

​Қазіргі уақытта сатушы мен қатысушылардың барлық іс-әрекеті ашық, жүйеге енгізілген, яғни кімнің, қашан кепілдік жарнаны енгізгенін, төлем жүргізгенін, хаттама мен шартқа қол қойғанын секунды мен тиынына дейін жүйеде көруге болады.

​Мемлекеттік мекемелерге мүлік нормативке сәйкес беріледі, алайда ескірген немесе әр түрлі себептермен тозығы жеткен мүлік есептен шығарылып, жаңартылып отыруы заңды құбылыс.  Ал есептен шығару оны көбіне сауда-саттыққа шығару жолымен жүзеге асады.

​Жетісу облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті өз кезегінде нысанның теңгерім ұстаушылары ұсынғаннан бөлек, түгендеу жүргізу, оңтайландыру шаралары нәтижесінде артық не пайдаланылмай тұрған объектілерді анықтап, мемлекеттік органдарға пайдалануға береді.  Сонымен қатар, сауда-саттыққа шығарып, қаражатты республикалық бюджеттің кірісіне аударады.

Г.Ахамбаева,
Жетісу облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті заңды тұлғалармен жұмыс бөлімінің басшысы

Қатысты жаңалықтар

Атажұрт рухын асқақтатқан

Атажұрт рухын асқақтатқан

11.07.2025
Міндетті әлеуметтік  сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?

11.07.2025
Жетісу облысында су шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

Жетісу облысында су шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

11.07.2025
Қазақстанда 85 мың теңге күнкөріске жетпейді – сарапшы

Қазақстанда 85 мың теңге күнкөріске жетпейді – сарапшы

11.07.2025
Жетісулық жас робототехниктер халықаралық аренаға жолдама алды

Жетісулық жас робототехниктер халықаралық аренаға жолдама алды

11.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.