Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Шерзат ісі: Трансляцияға түсіп қалған «біртүрлі» диалог тексерілетін болады

22 мамыр 2025
КҮНДЕРЕК
Шерзат ісі: Трансляцияға түсіп қалған «біртүрлі» диалог тексерілетін болады

Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebook

Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы Elordainfo.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жақында әлеуметтік желілерде Шерзат Полаттың өліміне байланысты қылмыстық іс бойынша айыпталушылардың сот залынан күліп шыққаны бейнеленген видео тараған болатын. Осы жағдай қоғамда резонанс тудырып, кеңінен талқыға түсті.

Осыған байланысты қызметтік тексеру жүргізіліп, бүгін өткен сот отырысында судья Ержан Жанұзақов тексеріс нәтижелерін ресми түрде жария етті. 

«Осы қылмыстық іс бойынша 29 сәуірде өткен тікелей эфирден кейін интернетте таралған күдіктілердің видеосы туралы жүргізілген қызметтік тексерістің нәтижесін жариялаймын. Қызметтік тексеріс барысында техникалық қызметкерлердің трансляцияны уақытылы тоқтатпағаны, соның салдарынан күдіктілердің видеосы эфирге шыққаны анықталды. Осыған байланысты техникалық қызметкерлер Рүстем Мұқсынов, Нәзира Оразалиева және Сәуле Қайдағұлова тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – деді судья Жанұзақов.

Сот залындағы техникалық ақаулармен қатар, әлеуметтік желіде таралған аудиожазбаға қатысты да тергеу басталды. Белгісіз екі адамның сот отырысына байланысты жеке әңгімесі тікелей эфир аяқталғаннан кейін эфирге шығып кеткен.

«Кеше әлеуметтік желілерде сот процессіне қатысы бар белгісіз адамдардың әңгімесін қамтитын бейнежазба таратылды. Осыған орай сот жекеше қаулы шығаруды қажет деп тапты. Прокурор бейнежазбаның шынайлығын, диалогқа қатысушылардың кім екенін, олардың сөзінің мазмұнын анықтап, заңға сәйкес тиісті шаралар қабылдауы тиіс. Сонымен қатар, ҚР Конституциясына сәйкес, іс бойынша шешімді тек сот қана қабылдайтынын еске саламын. Кез келген жорамал мен арандатушылық әрекетке жол берілмейді», – деп атап өтті судья.

Аудиожазбада келесі мазмұндағы диалог анық естіледі:

«Көзімнен жас шығып кете жаздады ғой, дұрыс сөйледім бе?» – дейді белгісіз адам.
«Саған көп сұрақ қоймайды, уайымдама! Сөйлесіп қойғанмын», – деп жауап береді екінші адам.

Қоғамда бұл жазба айыпталушылар мен олардың қорғаушылары арасындағы диалог болуы мүмкін деген болжам тудырды. Алайда, нақты кімдер екені әзірге белгісіз.

Еске сала кетейік, 21 мамырда өткен сот отырысында басты айыпталушы Абзал Шынасылдан жауап алынған болатын. Сол күнгі тікелей эфир аяқталғаннан кейін эфирге жалғанып кеткен диалог пен сот залынан күліп шыққан сәт көпшіліктің наразылығын тудырды.

Қазіргі таңда сот ісі жалғасуда. Құзырлы органдар тарапынан бейнежазбаның және аудиожазбаның барлық аспектілері тергеліп, қажетті шаралар қабылданатыны хабарланды.

Қатысты жаңалықтар

Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.