Талдықорған: +34°C
$ 462.22
€ 536.50
₽ 5.43
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Сырдан келген сырғалы әріптес

20.08.2026
КҮНДЕРЕК
Сырдан келген сырғалы әріптес
WhatsAppTelegramFacebook

Қызмет барысында жаман мен жақсының бәрін де көреді екенсің. Әсіресе әділетсіздік пен алауыздықтан шаршаған сәтте өмірден түңіліп кететін кездерің де аз болмайды. Сондай сынаулы сәттерде бір адамның дөрекі әрекетінен көңілің қалса, екінші бір адамның парасатына тәнті боласың. Сол кезде ғана барды бағалап, әр нәрсенің қадірін түсіне бастайсың. Әңгімені әріден бастасақ…

2018 жылдың сәуір айында ең алғаш Алматы облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне қарасты шекара маңы халықаралық ынтымақтастығы орталығы «Қорғас» кеден бекетіне қызметке келгенде от пен судың арасына түскенімді байқадым. Жұмыс өте ауыр. Күнде айқай-шудан көз ашпайсың. Соған қарамастан шамамыз келгенше тәртіп орнатуға тырысып, бар күш-жігерімізді жұмсадық. Алайда сол кездегі департамент басшылығы тарапынан еңбегімізді бағалап, кеден бекетіндегі нақтылы жағдайларға назар аударып жатқандар аз болды. Олар кеденшілерді болмашы кемшілігі үшін қызметтік тексеру жүргізіп, тәртіптік жазаға тартумен ғана шектелетін. Қызметкерлеріміз Талдықорған мен екі ортадағы 350 шақырымдық қашықтықта тәртіптік комиссияның отырысына барудан әбден мезі болды. Кеден бекетінде тәртіптік жазаға тартылмаған қызметкерлер жоқтың қасы. Мұндай қысастыққа шыдамаған кейбір әріптестеріміз басқа кеден бекеттеріне ауысып, кейбіреуі өз еркімен жұмыстан кетіп жатты. Сөйтіп, маман тұрақсыздығы да белең алды. Бұған қоса тауар тасушы «несундар» мен бандиттік құрылым өкілдері кеденшілерді әбден басынып алған еді. Осылайша, кеденшілердің қызмет барысындағы құлықсыздығы мен дәрменсіздік танытуының нәтижесінде кеден бекетінің беделі бетегеден төмен түсіп бара жатты.

Кеден бекетін бұл тығырықтан шығарудың бірден-бір жолы – департаменттен көмекке қосымша адамдар шақырту және бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы кеден бекетінің жұмысын көрсетіп, имиджін көтеру керек болды. Мұндай жұмыс қолымнан келетін болғандықтан екі жеңімді түре сала кірістім. Әсіресе, кеден бекетінде контрабандалық жолмен ұсталған тауарлар мен контрабандистер туралы және оларға қарсы қолданылған шаралар жөнінде ашық жаздық. Мұндай ақпараттарды оқыған талайлар аяқтарын тарта бастады. Бұған қоса, кеденшілерге доқ көрсетіп жүрген бандиттік құрылым өкілдерінің төрт-бесеуі заңға сәйкес сот үкімімен тиісті жазаларын алды. Бұл жағдайды көргенде кеудесіне нан піскен «бандитсымақтың» біразы лезде сабаларына түсті. Содан кейін біздің ақпараттарымызға және жасаған жұмыстарымызға Мемлекеттік кірістер комитеті мен департамент басшылығы да жете назар аударып, қолдау білдірді. Ол ақпараттарды басшылыққа дер уақытында жеткізіп, хабарландырып отырған Нағипа Аныққызы болатын. Содан кейін өзі де «Қорғас» кеден бекетіне іссапарға келіп, нақтылы жағдайды көзімен көріп кетті. Нәтижесінде Қазақстанның басқа облыстарынан бізге қосымша көмек ретінде іссапарға біраз әріптестеріміз келді. Соның нәтижесінде «несундар» мен бандиттік құрылым өкілдеріне тегеурінді тосқауыл қоюға қолымыз жетті. Бұған қоса кедендік төлемдер көбейіп, кеден тәртібін бұзушыларды анықтау шаралары да күшейді.

Нағипа Аныққызы басқаратын басқармамен бірлесе отырып, белгілі БАҚ-тар мен әлеуметтік желілер арқылы медиа жобаларды жүзеге асырдық. Содан кейін кеден бекетіндегі моральдық-психологиялық ахуал жақсарып, әріптестеріміздің жұмысқа деген ынталары да артты. Бірақ, кеден бекетінің үйлестірушісі ретінде менің және басқа да әріптестеріміздің үстінен департаментке талай мәрте арыз-шағым да қарша борады. Ол арыз-шағымдарды ұйымдастырудың ар жағында тынысы тарылған «несундардың» бізді бұл қызметтен аластату мәселесі тұрғаны айқын еді. Біздің бағымызға орай сол кезде Нағипа Аныққызы адам ресурстары басқармасының басшысы қызметіне ауысқан еді. Кадр мәселесіне жауапты басқарма басшысы ретінде мәселені жан-жақты талдап қарап, әділ шешім шығарды. Себебі ол кеден бекетіндегі жағдайды өз көзімен көргендіктен, бәріне түсіністікпен қарады. Былайша айтқанда, әріптестерді жазалау емес, сол жазаға апармайтын жолды қарастыру қағидатын басшылыққа алды. Осылайша, қызмет барысында асығыс шешім шығаруға жол бермей, бар мәселені сындарлы түрде шешуге тырысты. Тәртіптік жаза мәселесін қарау кезінде әріптестерге орынсыз дауыс көтеріп, өрескел мінез көрсеткен емес. Сонымен қатар тәртіптік комиссия отырысына онлайн режимінде қатысу мәселесін де шешті. Соның нәтижесінде әріптестеріміз Талдықорған мен «Қорғас» кеден бекетінің арасында ары-бері сабылудан арылды. Сол үшін де біз Нағипа Аныққызын ерекше құрмет тұттық.

Нағипа Аныққызы өзінің атқаратын міндетіне өте тиянақты қарайтын адам. Олай дейтінім, 2025 жылы Мемлекеттік кірістер комитетінің дәстүрлі түрде шығарылып тұратын «Кірістер қызметі» журналының кезекті нөмірі облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне, оның ішінде түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы ретінде тікелей Нағипа Аныққызына жүктелді. Бұл саладан біраз тәжірибем бар болғандықтан Нағипа Аныққызы маған хабарласып, ақыл-кеңес сұрады. Шамам келгенше бір жағына шығысуға тырыстым. Алматыдан Бақытбек Ойса есімді мықты кәсіби баспагерді таптым. Нағипа Аныққызы журналдың бүкіл материалдарын Алматыдағы баспагерге көтеріп барған бойда екі күн жанында отырып, барлық безендірілу жұмыстарын жасауға өзі тікелей атсалысты. Нәтижесінде мазмұны мен безендірілуі үйлескен түрлі-түсті форматтағы жалынды журнал дүниеге келді. Бұл – Нағипа Аныққызының ауқымды медиа жобаларының бірі ғана. Кейіннен мемлекеттік кірістер органының құрылуына он жыл толуына байланысты шығарылған кітапқа да Нағипа Аныққызының сіңірген еңбегі зор.

Аққан селдей, соққан желдей өте шығатын уақытта шектеу бар ма, шіркін?! Көзді ашып-жұмғанша Нағипа Аныққызының зейнет демалысына шығатын уақыты да келіпті. Бүкіл саналы ғұмырын салық саласының өркендеуіне арнады. Оның ішінде отыз жылдан астам уақыт басшылық қызметте жүрді. Салық қызметінің ардагері және білікті маман ретінде қаншама шәкірттер тәрбиеледі. Мемлекет пен қоғам алдындағы адал еңбегінің арқасында ел Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен және қаржы министрінің бұйрығымен «Мемлекеттік кірістер органының үздік қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Қазақта: «Несібеңді Алла тағала бұйыртқан жерден табасың» деген қанатты сөз бар. Сырдың сұлу Ақмаржаны атанған сырғалы әріптесіміз сексенінші жылдардың ортасында тағдырдың жазуымен Жетісу өлкесіне табан тіреп, осы жерден өзінің өмірлік бақытын тапты. Бүгінде ол аяулы ана, асыл әже және әулеттің ақылшысы. Өзімізден жасы кіші болса да, қызмет барысында ақылшымыз әрі қамқоршымыз болды. «Жақсының жанында өткен жарты сағат, жаманның өтіп кеткен ғұмырындай» деп бекер айтылмаса керек. Нағипа Аныққызы сияқты парасат-пайымы жоғары адаммен қызметтес болған тағдырыма ризамын.

Бекен НҰРАХМЕТОВ,
«Алтынкөл-жол» кеден бекеті
басшысының орынбасары,
халықаралық «Алаш» әдеби
сыйлығының лауреаты

Қатысты жаңалықтар

Сырдан келген сырғалы әріптес

Сырдан келген сырғалы әріптес

20.08.2026
Жұмекеннің «қоңыры»

Жұмекеннің «қоңыры»

20.08.2026
Атамнан қалған аманат

Атамнан қалған аманат

20.08.2026
Мемлекет қолдауы жарқын өмір кепілі

Мемлекет қолдауы жарқын өмір кепілі

20.08.2026
Қайта жанданған кәсіпорын

Қайта жанданған кәсіпорын

20.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.