Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда футболдан әуесқойлар арасында чемпионат өтті

Жетісу облысының орталығында футболдан әуесқой командалар арасында қала чемпионаты өтті. Спорттық шараның басты мақсаты – бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау.

18 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда футболдан әуесқойлар арасында чемпионат өтті
WhatsAppTelegramFacebook

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жолғы турнирге Талдықорған қаласындағы әр саладағы қызметші ересектерден құралған 18 әуесқой команда қатысқан. Олар екі топқа бөлініп, өзара бақ сынаған. Көрермен қауымдың делебесін қоздырып аса тартымды да тартысты өткен сайыс нәтижесі бойынша төрт команда үздік деп танылған. Олар «Zhetisy Champions», «Гор Акимат», «Талдықорған Жарнама» және «Erkin» командалары. Жеңімаздар  жартылай финалға жолдама алған.

Сонымен жартылай финалдық кезеңдегі нағыз тартысты жарыс «Zhetisy Champions» пен «Гор Акимат» командалары арасында болды. Алғашқы сәтте қос команда 2:2 есебімен тең түссе, жарыстың шешуші нәтижесінде «Zhetisy Champions» командасы 6:5 есебімен қарсыласынан басым түсіп, финалдық бәсекеге жолдама алды. Әуесқой командалар арасында өтіп жатқан бұл реткі қала чемпионаты шілде айының соңында аяқталмақ.

 – Спорт денсаулық кепілі. Осыған сай қала мекемелеріндегі ересек қызметшілер арасында өткен бұл жарыс жалпы жұртқа салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеп,  бұқаралық спортты дамытуға бағытталған. Атап өтсек, бүгінде қаламызда көптеген спорттық нысандар жұмыс жасауда. Онда спортты жанына серік еткен әр азамат спорттың кез келген түрімен жаттығуына болады. Сонымен қатар қазір шаһарда жаттығу және аулаларда спорттық алаңдар көптеп салынуда. Осының барлығы спорт сүйер қауымға үлкен қолдау,– дейді Талдықорған қалалық спорт бөлімі басшысы Жаннұр Әбішев.

                                                                                                                                              Айдын КӘЛІМХАН

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.