Оқиғадан хабар алып, жедел жеткен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері дер кезінде іске кірісіп, тілсіз жауды ауыздықтауға кіріскен.
Сала мамандарының мәліметінше, шілде айының 22 күні кешкі сағат 20:05-те орын алған өрт оқиғасына 12 техника, 30 құтқарушы қызметкер жұмылдырылған. Алайда ұйытқып соққан қатты желдің екпіні өртті ауыздықтауға көп кедергі келтірген. Дейтұрғанмен қызметшілердің жедел әрі үйлесімді әрекет етуінің арқасында бір сағаттан астам уақытта алаңды шарпыған қызыл жалын толық бақылауға алынып, түнгі сағат 22:00-де өрт толық сөндірілген. Өрттен ешкім зардап шекпеген және басқа аумаққа таралуы тізгінделген.
– Өрт шыққаны туралы хабарлама түскеннен кейін жедел штаб құрылып, сала қызметкерлері оқиға орнына жетті. Аталған аумақта жергілікті атқарушы органдарынан су тасымалдаушы көліктер мен жауынгерлік учаске тынбай жұмыс жасады. Сонымен қатар медициналық орталықтың мамандары да өз қызметтерін атқаруға сақадай сай тұрды. Құдай сақтап ешкім зардап шекпеді. Екі сағат ішінде мамандар өртті толық сөндіріп, оның басқа аумаққа таралауына жол берілмеді – дейді сала баспасөз қызметінің өкілі.
Айдын КӘЛІМХАН





