Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғаннан – Гарвардқа

14 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Талдықорғаннан – Гарвардқа
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанның таң самалын жұтып өскен Сезім Ертанатов талайлардың арманына айналған, батыс ғылымының алтын ордасы Гарвард университетінің есігінен аттап, төрінен бір-ақ шықты. Қазақтың қара домалақ ұлы жасанды интеллект, киберқауіпсіздік пен таратылған жүйелер сынды заманауи ілімдердің қайнарынан сусындап, бар болғаны төрт жылдың ішінде компьютерлік ғылым саласынан бакалавр мен магистр дәрежесін қатар иемденді.

Тамыры тереңде жатқан Талдықорған топырағы талай тау тұлғаны түлеткені рас. Сол көне дәстүрдің жалғасы іспеттес, Сезім де бала жастан-ақ ілім мен ізденісті серік еткен. Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқып жүрген күндерінен-ақ оның көкірегінде технология арқылы адамзатқа қызмет ету деген бір шырақ маздап тұратын.

Гарвард… Бұл атауды айтқанның өзінде-ақ талай жүрек дір етпей қоймас. Әлемнің ең таңдаулы профессорлары, ең маңдайалды зертханалар мен көз тұндырар ғылым өрісі. Осындай киелі орынның түлегі атану жас дарын үшін арманның жүзеге асуынан бөлек, өмірлік миссияның басталуы.

Үшінші курста жүріп дәстүрлі білім жүйесінің шеңберіне сыймай, бакалавриат пен магистратураны біріктіретін бірегей бағдарламаға өтініш береді. Осылайша, бір оқпен екі қоянды атып, төрт жыл ішінде қос бірдей дәрежеге қол жеткізіп отыр. Әлбетте, бұл жол оған жеңіл келген жоқ. Тапсырмалары толассыз, уақыты  шектеулі болса да Сезімнің ұстанымы бекем екенін аңғардық.

– Әр апта сайын күнделікті ісімді жүйелеп отырдым. Ең дұрысы күшім таусылып тұрған сәтте де үйренуді тоқтатпадым. Ең қиын кезеңдерден білім мен еңбегім алып шықты, – дейді ол. Бұл, әрине, рухтың асқақтығы.

Академиялық биіктермен қатар Сезімнің студенттік өмірінде де есте қаларлық сәттер көп болған. Жатақханада өткен апталық кездесулер, бірігіп жасалған жобалар, бірге көрген фильмдер, әңгіме-дүкен, арман мен ойдың астасуы мұның бәрі оның жадында мәңгілікке жазылып қалатыны анық. Оның айтуынша, әсіресе «Өлген ақындар қоғамы» фильмі қатты әсер етіпті.

Бүгінде Сезім Ертанатов ғылым мен технологияның биік шыңына жеткенімен, жүрегі ел деп соғатын адал перзент. Ол туған топырағына оралып, Қазақстанда стартап экожүйесін өркендетуді мақсат етуде. Astana Hub жобасынан шабыт алған Сезім елімізде Y Combinator сынды технологиялық инкубатор құрып, ондаған табысты стартаптарды дүниеге әкелуді көздейді.

– Цифрлық төңкерістің дәуірі енді басталды. Жасанды интеллект келер ғасырдың тілі. Елімізде бұл майданда алдыңғы сапта тұруы тиіс. Мен соған дәнекер болғым келеді, – дейді ол.

Бүгінгі жастарға айтары көп Сезім шетелде білім алуға құлшынғандарға мынадай кеңес береді:

– Ерте қимылдаңыз, жолыңызды күні бұрын нақтылап алыңыз. Емтихандар мен эсселерге тыңғылықты дайындалыңыз. Бәсекеден қорықпаңыз, бірақ шетелде оқу – жалғыз ғана жол емес екенін ұмытпаңыз.

– Ең бастысы – өзіңе сену. Алайда сол сенім өзіңе қысым емес, шабыт көзі болсын. Мүмкіндік жер бетінің түкпір-түкпірінде бар. Тек оны көруге көз керек, алуға жүрек керек.

Біз оның сапарын «Талдықорғаннан – Гарвардқа» дегеннен гөрі, біліммен қаруланған қазақ баласының жаңа дәуірге аттануы деп атағанымыз абзал. Өйткені бұл Тәуелсіз Қазақстанның ертеңгі күнге деген үміті мен сенімінің сәулесі.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.