Талдықорған: +23°C
$ 532.74
€ 617.23
₽ 6.77
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Тәртіп сақшыларына құрмет

Мерекелік күнге қарамастан қоғамдық тәртіпті күзетіп, тәулік бойы қызметте жүрген тәртіп сақшыларының еңбегі ерен. Облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ Қазақстан полициясы күніне орай өңірдегі полиция органдарының қызметкерлерін құттықтап, арнайы дайындалған көрмені аралап, өз саласында мінсіз қызмет етіп жүрген азаматтарды марапаттады. Мерекелік жиынға полиция органдарының қызметкерлері, сала ардагерлері, қызметтік міндетін өтеу барысында қаза тапқан қызметкерлердің отбасы мүшелері арнайы шақырылды.

28.06.2025
КҮНДЕРЕК
Тәртіп сақшыларына құрмет

Жеңіс ЫСҚАБАЙ

Аймақ басшысы облыстық полиция департаментінің әкімшілік ғимаратына барып, ондағы арнайы техникалар мен құрал-жабдықтар көрмесімен танысты. Көрмеде «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлінісінің, кинологиялық қызметтің, жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың арнайы мақсаттағы бөлінісінің қару-жарақтары, әскери техникалары қойылды. Қазақстанда жасалған «Алан – 2» және ресейлік «Тигр» арнайы машиналары да көрмеде таныстырылды. Жиналған қауым департамент аумағына орнатылған ерлікпен қаза тапқан тәртіп сақшыларының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, олардың рухына тағзым етті.

Бұдан әрі салтанатты шара облыс орталығындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында жалғасты. Сахна төріне полиция департаментінің Жауынгерлік туы кіргізіліп, Мемлекеттік гимн орындалды. Жиналған тәртіп сақшыларын облыс әкімі Бейбіт Исабаев кәсіби мерекесімен құттықтады.

– Жетісу облысының дербес облыс ретінде құрылғанына биыл үш жыл толды. Облыстың осы уақыт ішіндегі әлеуметтік-экономикалық салалардағы жетістіктеріне қоғамдағы тұрақтылықтың арқасында қол жеткізілді. Сондықтан осы орайда облыстың дамуына қосқан елеулі үлестеріңізді ерекше атап өткім келеді. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, табандылықтарыңыз және азаматтық борыштарыңыз – елдегі тыныштық пен тұрақтылықтың сенімді тірегі. 

Бүгінгі салтанатты күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге толағай табыс тілеймін, – деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі жыл сайын өз саласында үздік атанған 3 полиция қызметкерін «Үздік қызметі үшін» номинациясымен марапаттау туралы шешім қабылдағанын айтып, жергілікті полиция қызметкерлеріне марапаттар тапсырды. «Үздік қызметі үшін» номинациясы Талдықорған қаласы полиция басқармасының тергеушісі, полиция аға лейтенанты Еңлік Базарбаеваға, Ақсу ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Ерік Наваевқа, Көксу ауданы полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция капитаны Ғабит Мұқановқа берілді. Оларға арнайы статуэтка табысталды. Адам құтқаруда батылдық пен батырлық көрсеткені үшін жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың аға инспекторы, полиция майоры Мирас Даутовқа ҚР Премьер-Министрінің «Алғыс хаты» табысталды. Сол сияқты облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен «Алғыс хатпен» де марапатталды.

Жетісу облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Сарқытбай Құсайынов соңғы жылдардағы жүйедегі өзгерістердің арқасында халықтың сақшыларға деген сенімі артып, азаматтар арасында полицияның беделі өскенін айтты. Жетісу облысының полиция департаменті республика көлемінде рейтинг бойынша алдыңғы қатарда тұрғанын атап, полиция қызметкерлеріне Ішкі істер министрлігінің марапаттары мен атақтарын табыстады. 

Мирас ДАУЫТОВ, полиция майоры

– Полиция департаментінде жұмыс істегеніме 15 жыл болды. Қалада үй өртену оқиғасы кезінде бірнеше қызметкермен бірге өрттен 3 баланы құтқаруға қатыстым. Сол әрекетімді бағалап, марапаттап жатқандарына көп рақмет. Мен ерлік жасадым демеймін, өзімнің азаматтық, қызметтік борышымды өтедім деп есептеймін. Полиция қызметіне келгісі келетін жастарға айтарым, спортпен шұғылданып, дене шынықтыру керек, заңды біліп, көркем әдеби кітаптар оқып, ой-өрісін жетілдіруге де көп көңіл бөлген дұрыс. Әріптестерімді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын!

Еңлік БАЗАРБАЕВА, Талдықорған қаласы полиция басқармасының тергеушісі, полиция аға лейтенанты

– І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің заң факультетін, Теміртаудағы полиция академиясын бітірдім. Оқу бітіргеннен бергі үш жылда Талдықорған қаласы полиция басқармасында тергеуші болып жұмыс істеймін. Жұмысымыз оңай емес, дегенмен бұл мамандыққа жүрек қалауымен келдім. Бұл марапат – менің қызмет ету барысында алған тұңғыш марапатым. Сондықтан мен үшін маңызы үлкен. 

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда туберкулезді 2 сағат ішінде анықтайтын жаңа әдіс енгізілді

Қазақстанда туберкулезді 2 сағат ішінде анықтайтын жаңа әдіс енгізілді

17.07.2025
Елімізде жаңа 43 қоқыс полигоны салынбақ

Елімізде жаңа 43 қоқыс полигоны салынбақ

17.07.2025
Президент ауқымды заңға қол қойды: 8 маңызды бағыт айқындалды

Президент ауқымды заңға қол қойды: 8 маңызды бағыт айқындалды

17.07.2025
Балқаш көліне бағыт алған жолда «ecoBalqash» экологиялық акциясы өтті

Балқаш көліне бағыт алған жолда «ecoBalqash» экологиялық акциясы өтті

17.07.2025
Жетісуда биыл су үнемдеу технологиясын қолданатын алқапты 55,2 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр

Жетісуда биыл су үнемдеу технологиясын қолданатын алқапты 55,2 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр

17.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.