Талдықорған: +38°C
$ 532.74
€ 617.23
₽ 6.77
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ташкент тынысы немесе шипа іздеген сапар

29.06.2025
КҮНДЕРЕК
Ташкент тынысы немесе шипа іздеген сапар

probilet.kz

Пойыз терезесінен сыртқа көз тастаған сайын жүрегім алып ұшады. Ташкентке табан тіреуім – қаламен алғашқы жүздесуім емес. Бірақ ішкі дауыс: «Бұл жолғы сапарың өзгеше болады», – деп сыбырлағандай. Білемін. Расында, бұл жолы мен турист емеспін. Ана жүрегімен үміт үкілеп келген жолаушымын.

Ташкенттің әр көшесі, әр бұрылысы ескі таныстай жылы шырай танытады. Бірақ көңіл түкпіріндегі алаң мен үміт жүректің бір бұрышын дір еткізбей қоймайды. Сананы шырмап алған ой жетегімен діттеген қонақүйімізге де жеттік. «Booking.com» арқылы брондалған қонақүй көңілімізден аса шыға қоймағанымен «Алла келген ісімізді берекелі етсін» деп ниет еттік.

Бес күнге жоспарланған сапардың әр сәтін мазмұнды өткізу үшін алдын ала күнтізбе түзіп алғанбыз. Ең әуелі, дерматолог-дәрігер Любовь Беловамен хабарласып, қабылдау уақыты туралы нақтылап алмақ болдық. Пойыздан түскен бойда жергілікті сим-картаны орнатып, дәрігердің нөміріне қоңырау шалдық. Телефон тұтқасын көп күттірмей көтерген маман бізге қашан және қайда бару керектігін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

Ұлым екеуміз қарындасы мен бауырын қонақүйде қалдырып, Яндекс такси арқылы дәрігер айтқан мекенжайға жол тарттық. Айта кетерлігі, Ташкенттегі такси қызметі біз күткендей қымбат емес екен. Қала ішінде қатынау оңай әрі тиімді болды.

Келісілген уақытта межелі жерге келдік. Тыныш, әсем көше бойында күткен адамымыз қайдан шығады екен деп жан-жағымызға көз тастап тұр едік, қасымыздан өтіп кеткен әйел сұлбасы бірден көзге жылы ұшырады. Қоңырау шалғанымыз сол еді – иә, дәл өзі екен!

Любовь Владимировна – ғұмырының жарты ғасырдан астамын медицинаға арнаған жан. Жасы сексеннен асса да бойынан қажу мен бейжайлықтың лебі де сезілмейді. Қайта өмірге деген құштарлық пен адамға деген жанашырлық оның әр іс-қимылынан байқалады. Жанарындағы сабыр мен сенім өзіңе де тыныштық сыйлағандай. Ол бізді «Тоshkent Tibbiy Di» медициналық орталығына алып барды. Қабылдауы сол жерде өтті.

– Науқастарым көп. Солардың арасынан бірнеше мысал келтірейін… – деп сөзін бастады ол.

Жылдар бойы ем іздеп шарқ ұрған жандардың тағдыры, тері ауруларының күрделілігі – бәрі оның әңгімесінен шындық боп көрініс тапты. Баламды мұқият қарап шығып, жараның қашан, қалай пайда болғанына дейін сұрады.

– Бұл – экзема. Құрғақ немесе ылғалды түрде жүреді. Екеуі де – бір аурудың әр кезеңі. Мұныңбәрі маған түсінікті, – деді сабырмен.

Сондай-ақ, адамдар арасында «экзема», «псориаз» сияқты тері аурулары жазылмайды деген түсініктің барын айтты.

– Бұл – созылмалы ауру. Көп адам бір дәріні қабылдасам жазылып кетем деп ойлайды. Бұл – үлкен қате. Ем – біртіндеп, әр қадаммен жүзеге асатын үдеріс. Бірінші қадам, екінші, үшінші… жалғаса береді. Біз невропатолог немесе эндокринолог сияқты үш айға дәрі жазып бере алмаймыз. Тері аурулары кезінде дәрілерді жиі ауыстырып отыру керек, – дей келе бір кездері қолын жарадан жаза алмаған әйелдің: «Қолымды кесіп тастаңызшы!» – деп жылағанын да мысалға келтірді. Бұл – дәрігердің тері ауруларымен күрестегі бай тәжірибесін, күрделі тағдырларға куә болғанын аңғартты. 

Ол қазіргі медицинадағы шынайы жайттарды ашық айтып берді. Емдеу ісінің айналасында бизнеске айналып кеткен тұстарын, шетелдік орталықтардың артық анализдер арқылы науқастың қалтасын қағатынын жасырмады. Әсіресе, гормонды дәрілердің уақытша әсер беріп, кейін кері салдары болатынына тоқталды. Мұндай әдістердің бәрін ол «қарызға алынған денсаулық» деп бейнеледі. 

ПУВА, Плазмаферез, Лазер тәрізді тәсілдердің теріге ауыр салдар әкелетінін ескертіп, балама нақты әрі қарапайым ем жолдарын ұсынды. Жақсы әсер беруі мүмкін, бірақ ұзақмерзімді зиян келтіретін ем түрлерінен бас тарту керек екенін түсіндірді. Дәрігердің адамгершілігі мен кәсіби адалдығы – біз үшін ең үлкен қолдау болды. 

– Егер мен 10 миллион сомға анализ тізімін жазып берсем, оны тапсыра алар ма едіңіздер? – деген сауалы бізге ой салып, дәрігердің әділдігіне тағы бір көз жеткізді.

Бұл – шамамен 450 мың теңге. Әрине, мұндай сома кез келген жанның қалтасына оңай түспесі анық. Дегенмен, дәрігер қажетті ғана анализ түрлерін белгілеп, Ташкенттегі ең беделділер- дің бірі саналатын «Toshkent Tibbiy Diagnostika» орталығына жолдама қағаз жазып берді. 

Таңмен таласа тұрып, сағат 5:00-де сол медициналық орталықтың алдында болдық. Балам 83 түрлі анализ тапсырды. Мұның бәрі – нақты диагноз қою үшін қажетті дүние. Бұл елдің медицинасы сауда мен шынайы қызметтің арасында тұрғандай әсер қалдырды. Алайда өз ісіне адал дәрігерлердің бары үміттің отын өшірмейді.

Дәрігер фармацевтикалық компаниялар мен кейбір дәріханалардың да саудаға бейімделіп кеткенін ашық айтты. Бұрынғыдай емдік майлар мен дәрілердің бірегейлігі жоғалып бара жатқанын, кейбір мамандардың науқастар арқылы табыс табуға бейіл екенін жасырмады. Бірақ ол ондай жолға аттаған емес.

Ем ғана емес, шындық айтылды. Содан да шығар, ішіміз тазарғандай. Дәрігердің сөзімен де ем жүргізуге болатынына, жанашырлықтың өз алдына бір күш екеніне көзіміз жетті.

Ташкент – бір ғана медицина саласымен шектелмейтін, мыңжылдық тарих пен заманауи өркениетті астастырған алып қала. Кең даңғылдары, жасыл саябақтары, салт-дәстүрі мен жанданып тұрған шағын базарлары, жайлы метросы – бәрі де ерекше үйлесім тапқан.

Адамдары жылы жүзді. Әңгімешіл таксистерден бастап жол сілтеп жіберетін қарапайым тұрғындарға дейін – кісілік пен кішіліктің көрінісі. Асханасы да өз алдына бір әлем: самса мен палауының иісі бұрыш-бұрыштан шығып, елдің дарқандығын сездіреді. Бұл сапар бізге тек ем емес, өмірдің өзге қырларын да көрсетті. Адамдар арасындағы сенім мен құрмет, мамандыққа адалдық пен қарапайымдылық – шын мәнінде сауығуға бастайтын жолдың алғашқы баспалдағы екен. 

Қайтар жолда пойыз терезесінен тағы да Ташкентке көз тастадық. Бұл жолы – жүректе үміт пен алғыс. Көз алдымда – мейірімі мен парасаты жарасқан дәрігердің бейнесі, қаланың тыныштығы мен шуақты көшелері қалып бара жатты…

Иә, Ташкенттегі емдеу орталықтарының ғана емес, жалпы тұтыну бағалары да бізбен салыстырғанда аса арзан дей алмаймыз. Дегенмен әр қызметтің артында адал еңбек, терең ізденіс пен кәсіби жауапкершілік жатқанын анық сезіндік. Ең бастысы – адамның денсаулығына жүрекпен қарайтын, ісіне шын жанашырлықпен берілген жандар бар екен. Ал мұндай шынайы жана- шырлық пен біліктілік – қандай баға қойылса да ақшамен өлшенбейтін құндылық екенін осы сапар дәлелдеді.

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Белгілі ақын Исраил Сапарбай дүниеден өтті

Белгілі ақын Исраил Сапарбай дүниеден өтті

18.07.2025
Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

18.07.2025
Талдықорғанда футболдан әуесқойлар арасында чемпионат өтті

Талдықорғанда футболдан әуесқойлар арасында чемпионат өтті

18.07.2025
Аптап ыстық, нөсер: 16 облыста дауыл туралы ескерту жарияланды

Аптап ыстық, нөсер: 16 облыста дауыл туралы ескерту жарияланды

18.07.2025
Қазақстанда туберкулезді 2 сағат ішінде анықтайтын жаңа әдіс енгізілді

Қазақстанда туберкулезді 2 сағат ішінде анықтайтын жаңа әдіс енгізілді

17.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.