Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Tazalake Alakol» 60 қап қоқыс жиналды

21 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
«Tazalake Alakol» 60 қап қоқыс жиналды
WhatsAppTelegramFacebook

Ақши ауылында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарлама аясында «TazaLake Alakol» атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Іс-шара шеңберінде экопост пен эко-плоггинг ұйымдастырылып, демалушылар мен жолаушылар арасында экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Шараның басты мақсаты – жастар мен тұрғындар арасында табиғатқа жанашырлықты арттырып, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатын дәріптеу.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Ақши ауылының кіреберісіне экопост орнатылып полиция қызметкерлері мен еріктілерден құралған жастар жолаушыларға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, арнайы дайындалған экоқаптамаларды (қолғаптар, қоқысқа арналған қаптар және акция жайлы мәлімет қамтылған брошюралар) таратты. Бұл қаптамалар демалушылардың табиғат аясында қоқысты бейберекет тастамай, өзімен бірге алып кетуіне немесе арнайы орындарға тастауына ықпал етті. Шара барысында демалушылар қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығы туралы құнды ақпарат алды. Экошараға «Жасыл ел» жасақтары, еріктілер, эковолонтерлар және демалушылар, жалпы 250-ге жуық адам қатысып, 60 қап қоқыс жинады.

«Jetisý jastary» КММ-нің директорының орынбасары Арнай Рақымберліұлы «TazaLake Alakol» экологиялық акциясына белсене қатысқан барша азаматтарға алғыс айтты.

– Мақсатымыз – жастардың экосанасын оятып, табиғатқа жауапкершілікпен қарауға үндеу. Біз «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатын насихаттадық. Нағыз патриотизм – туған жердің табиғатын қорғаудан басталады. Бұл бастама жалғасады деп сенемін, – деді ол.

Міне, «TazaLake Alakol» экологиялық акциясы табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастырудың нақты үлгісіне айналды. Қатысушылардың айтуынша, мұндай шаралар тек табиғатты таза ұстауға ғана емес, сонымен бірге адамдардың санасында жауапкершілік пен жанашырлық сезімін оятуға көмектеседі. Алдағы уақытта да Алакөл көліне апаратын жол бойында және Жетісу облысының басқа да туристік бағыттарында осындай экологиялық бастамаларды жиі өткізу жоспарланып отыр.

«Жетісу-ақпарат»

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.