Талдықорған: +17°C
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Тоқаев факторы: Қазақстан сирек металдар өндірісінде Қытайға балама бола ма?

30.04.2025
КҮНДЕРЕК
Тоқаев факторы: Қазақстан сирек металдар өндірісінде Қытайға балама бола ма?

Cove Capital компаниясының бас директоры, танымал америкалық инвестор Пини Әлтхаус Қазақстанның минералды ресурстар саласындағы әлеуетін жоғары бағалады. Оның айтуынша, еліміз сирек кездесетін металдар өндірісі бойынша әлемдік нарықта маңызды орынға ие болуға қабілетті.

Қазақстан – жаңа жаһандық орталыққа айналуда

Әлтхаустың пікірінше, қазіргі таңда әлемде аккумуляторлар, тұрақты магниттер және жартылай өткізгіштер өндірісіне қажетті сирек минералдарға сұраныс күрт артып отыр. Бұл сұраныстың негізгі бөлігі Қытайға тәуелді болғандықтан, балама нарықтарды іздеу күн тәртібінде тұр. Осындай жағдайда Қазақстанның стратегиялық маңызы айқындала түсті.

Қазақстанда 5 мыңнан астам кен орны бар. Ел АҚШ-тың аса маңызды деп таныған 17 минералдың барлығын, ал Еуропалық Одақ үшін маңызды 30 минералдың 19-ын өндіреді. 2024 жылы Қазақстан әлемдегі уран өндірісінің 38%-ын қамтамасыз етіп, көш басына шықты. Сонымен қатар мыс өндірісі бойынша сегізінші, цинк бойынша алғашқы он елдің қатарына енді.

Реформалар – шынайы өзгерістердің негізі

Пини Әлтхаус бұл жетістіктердің артында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың батыл реформалары тұрғанын атап өтті. Бұрын инвесторлар лицензия алудағы бюрократиялық кедергілер мен жемқорлыққа жиі шағымданатын. Бұл түйткілдер Жер қойнауын пайдалану кодексінің британдық үлгіде қайта қабылдануымен шешімін тапты. Кодекс «бірінші келген – бірінші алады» қағидасымен жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Астана Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) арқылы жасалған инвестициялық келісімдерге халықаралық деңгейде құқықтық кепілдіктер берілуі – инвестициялық климаттың жақсаруына әсер еткен маңызды қадам.

Cove Capital – алғашқы америкалық лицензия иесі

Cove Capital компаниясының еншілес құрылымы Kaz Critical Minerals – Қазақстанда сирек кездесетін металдарға лицензия алған алғашқы америкалық компания. Kazgeology ұлттық компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан Akbulak Rare Earth жобасында 380 мың тонна сирек жер металдары қоры бар. Оның ішінде магнит өндірісіне аса қажетті неодим мен празеодим бар.

Минералдық табыс көзінің төрт бағыты

Пини Әлтхаус Қазақстандағы минералды ресурстар өндірісінің негізгі төрт бағытын атады:

  1. Аккумуляторлық металдар – литий, марганец және графит. Ел жоғары тазалықтағы марганец сульфатын өндірумен қатар, графит кен орындарын игеріп, фосфор негізіндегі аккумуляторлар өндірісін қарастыруда.

  2. Тугоплавты металдар – рений өндірісі қолға алынып, авиациялық қозғалтқыштарға арналған суперқорытпалар әзірленуде.

  3. Сирек жер металдары – Қазақстан галлий, неодим, селен өндіру бағытында Қытайдың монополиясына балама ретінде бой көрсетіп отыр.

  4. Жартылай өткізгіштерге қажетті элементтер – «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы скандий сияқты сирек металдарды өнеркәсіптік өндіріс деңгейіне жеткізуді көздеп, сәтті сынақтар жүргізуде.

Халықаралық серіктестік кеңеюде 

Қазақстанның геосаяси маңызы артып келеді. Ел АҚШ-пен «C5+1» форматындағы диалогқа қосылып, минералды қауіпсіздік бойынша стратегиялық әріптестік орнатты. Еуропалық Одақпен де сирек минералдар, аккумуляторлар және жаңартылатын сутегі бойынша маңызды меморандумдарға қол қойылды.

Мысалы, Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) Sarytogan Graphite компаниясына 3 млн еуро инвестиция құйып, ірі графит кен орнын игеру ісіне қолдау білдірді.

Пини Әлтхаустың пікірінше, Қазақстан сирек кездесетін минералдар өндірісінде Қытайға балама ретінде қалыптасып келеді. Президент Тоқаевтың реформалары, дамыған инфрақұрылым және жыл сайын 3000-ға жуық жас геолог маманның даярлануы елді минералды ресурстар нарығындағы сенімді серіктеске айналдыруда. 

Дереккөз: ertenmedia.kz

Қатысты жаңалықтар

2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

13.05.2025
Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

13.05.2025
Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

13.05.2025
«Азаматтарға арналған үкімет» биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізді

«Азаматтарға арналған үкімет» биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізді

13.05.2025
Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

13.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.