Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАҒЫ ҮЗДІКТЕР

1 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАҒЫ ҮЗДІКТЕР
WhatsAppTelegramFacebook

Халқымыздың ұлттық ақыл-ой спорты «Тоғызқұмалақ» кейінгі жылдары айрықша қолдауға ие болып, дамудың жаңа белесіне көтеріліп келеді. Математикалық және логикалық ойлау қабілетін дамытатын ерекше үстел ойынына құмартып, сонымен әуестенген бүлдіршіндер қатары артып жатыр. Жетісулық өскіндердің тоғызқұмалақтан жарыса орын алып, бір турнирде бірнеше медальді мойнына сыңғырлата тағып, шаттанған сәтіне де куә болдық.

Айрықша көзге түсіп, ерекше ойынымен республикалық жарыстарда жеңімпаз болып жүрген №24 мектеп-лицейде 6-сынып оқитын 13 жастағы Ұлжан Ержанқызы әпкесінің ықпалымен 1- сыныпта тоғызқұмалаққа қатысқан. Содан бері тұрақты түрде белсенді қатысып, нәтиже көрсетіп келеді. Мәселен, 2023 жылы Таразда өткен Ә. Ақшораев турнирінде І орын (11 жас), 2024 жылы жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының (13 жасқа дейін) чемпионатында классикалық түрінен ІІІ орын алды. «Сабақтан тыс уақыттың бәрінде тоғызқұмалаққа дайындаламын. Үйде әпкеммен ойнаймын. Өзімнің соңымнан ерген 8 және 6 жастағы інілеріме де тоғызқұмалақты ақырындап үйретіп жүрмін», – дейді Ұлжан. Жамбыл облысында өткен республикалық жарыста ІІІ орынға ие болған Абай Серікқожа да өз ойынымен ерекшеленіп жүр. Өз сөзінде жас шебер «Бұл спортта күш жұмсамайсың. Ой шапшаңдығы, ақыл бәсекесі болғандықтан өзіме ұнайды. Математика пәнін сүйіп оқығандықтан тоғызқұмалақтың көп көмегі тиюде. Бұрын тәртіп сақшысы болғым келетін, өсе келе ол ойымнан айныдым. Бірақ нақты қай мамандық иесі болатындығымды әлі шешпедім», – дейді. Одан бөлек, былтыр жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында (9 жасқа дейінгі) блиц түрі бойынша Нұрлан Шалқар І орын, биыл Түлкібас ауданында өткен республикалық сында Қалипа Серғазы ІІ орын алды.

Облысымыздың намысын қорғап жүрген бүлдіршіндердің ұстазы – Жалғас Беделханұлы. Ол 2017 жылдан бері тоғызқұмалақтан шәкірт тәрбиелеп келеді. Алғашқы республикалық жарысқа 2020 жылы шәкірт қатыстырып, ол 5-орыннан көрінген болатын. Дәл қазір тұрақты түрде 20-ға жуық шәкірт тәрбиелеп отыр. Аптасына төрт күн, кей сәтте сенбі күні де дайындық болады. Жаттығу уақыты 1 жарым сағат. Жалғастың тәжірибесіндегі алғашқы жағдай 1-сынып оқушысы тоғызқұмалақтан үйірмеге жазылған және ол жүлдегер болған. Ең кішкентай шәкіртінің есімі – Айнұр Серікова (7 жаста). Оның тоғызқұмалаққа қатысқанына 8 ай болған. Сол аралықта облыстық жарыстарда жүлдегер болып, мықты ойыншыларға тегеурінді қарсылық көрсеткен. Жақында аяқталған облыс чемпионатында Айнұр 9 жасқа дейінгілер арасында блиц түрінен ІІІ орын, рапид түрінен І орын, классика түрінен ІІ орын алды. Айнұрды үйірмеге анасы алып келген.

Кішкентай ғана тоғызқұмалақшы Айнұр қыз маусымның соңына қарай Қостанайда өтетін республикалық жарыста облыс намысын қорғамақ.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00
Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Бүгін, 14:20
Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Бүгін, 13:30
Шағын шаруаларға серпін берді

Шағын шаруаларға серпін берді

Бүгін, 12:18

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.