Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Той өткізу жолға қойылады

26 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Той өткізу жолға қойылады

tolqyn.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Панфилов ауданында той-томалақ, нәзір-құзыр өткізу мен қаза болған адамды ақтық сапарға шығарып салудың өзге өңірлермен салыстырғанда ерекшеліктері басым. Өңірде «Той тоғызсыз басталмайды» деген қисық тәмсіл бар. Бұл шынында да солай қалыптасып қалғаны соншалық тойыңызға кешкі 5-ке немесе 6-ға шақырсаңыз да қонағыңыз кешкі тоғызды туралап келеді. Оған ешкім қымсынбайды, өйткені кейбір той иесінің өзі елді алтыға шақырып алып, кешігіп келетіні бар. Ал, қаза болған адамды ақтық сапарға шығарып салу қаралы отбасына тойдан да қымбатқа соғып жатады. Өйткені қаралы шаңырақтың бар-жоғына қарамайтын ауылдастары дәлелге жиналдық деген желеумен 100 – 200 адам болып кешкісін өлімді үйге келіп, дәлелге оншақты діндар жандар ғана қатысып, қалғаны тамақ ішіп тарайды.

Жақында аудандық Мәдениет үйінде өткен жиында осы мәселелер талқыланды. Өңірдегі барлық мешіттердің имамдары, ақсақалдар, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, білім мен спорт саласының қызметкерлері, жастар ұйымдарының өкілдері, учаскелік полиция инспекторлары, Жаркент қаласындағы мейрамханалардың қожайындары қатысқан басқосуды аудан әкімінің орынбасары Қанат Досмайылов кіріспе сөз сөйлеп ашып, жиналған қауымға мән-жайды түсіндірді.

– «Келісіп пішкен тон келте болмайды» демекші, біз соңғы бірнеше жылдан бері өңірдегі шешімін күткен әлеуметтік және жастар тәрбиесіне қатысты мәселелерге байланысты халықпен бірнеше мәрте кездесу өткізіп отырмыз, – деп сөз бастаған аудан әкімінің орынбасары басқосудың мақсатын талдап өтті. Мақсат өңірде өткізілетін той-томалақ, нәзір-құзырды өткізудің шарттарын келіспек. Осы мәселелерге байланысты алдымен сөз аудан мешітінің бас имамы Ұлан Сарпековке берілді.

Бас имамның айтуынша, аудан әкімдігі, өңірдегі мешіт имамдары мен аудандық соғыс және еңбек ардагерлері ұйымы бірігіп бұдан кейін қаза болған адамды ақтық сапарға шығарып салу рәсімдерінде, үшін, жетісін, қырқын және жылына берілетін нәзірлерде дастарқанға қойылатын тағамдар тізімін түзіпті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ас беру мәдениеті құжаты негізінде жасалған талаппен қойылатын болды. Осы құжатта белгіленгендей, ас беру кезіндегі уағыз, насихат айту, марқұмды еске алу, жұбатуды ең жақын туыс-бауырлары, жолдас, құда-жекжаттарынан 3 немесе 4 адам ғана атқарғаны абзал. Имам қаза болған адамға ас беру барысында жиналғандарға бейнебаян көрсетуді мүмкіндігінше азайтқанын және ондағы ерсі көріністерді көрсетпеген жөн екенін ескертті.

Жиында аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ерлан Ерсайынов өңірдегі құқықбұзушылық пен жастар тәрбиесіне қатысты мәселелерге байланысты баяндама жасады. Баяндамашы жасөспірімдердің түнде көшеде қыдыруы, қоғамдық орындарда өрескел әрекеттер жасауы, қаладағы мейрамханалардың жұмыс тәртібін жөнге салу, тағы басқа құқық бұзуға қатысты мәселелерді қозғады.

Аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Тоқтарбай Керімқұлов та сөз алып, өмірімізге тереңдеп еніп кеткен осындай қалыптасқан әдет-ғұрыптарды бірден жою мүмкін емес, дегенмен жайлап әрекет етсе қалыпқа келетініне сенімді екенін жеткізді. Жиында аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Күлғайша Бердіғұлова, тарихшы, ғалым Алмас Тоқсанбаев, аудандық ұйғыр этномәдениет орталығының төрағасы Азат Гайтов, ауданның Құрметті азаматы Рехимжан Тохтахунов, тағы басқа азаматтар тақырыпқа байланысты өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Жиын қорытындысында бұдан кейін кез келген той түнгі 11.00-ге дейін ғана тойланатынына, нәзір дастарқанына осы жиында белгіленген ас түрлерін ғана қоюға шешім жасалды. Осындай жиналыс алдағы уақытта ауданның барлық елді мекендерінің тұрғындары арасында өткізіледі.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ
Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.