Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Анкарада өткен келіссөздердің нәтижесінде Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бесінші отырысын өткізді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға ресми сапары аясында екі ел арасындағы өзара іс-қимылды жан-жақты дамытатын 18 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды.
Аталған құжаттар сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік, қорғаныс, білім және мәдени-гуманитарлық салаларды қамтиды. Бұл Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыстардың жаңа кезеңге аяқ басқанын көрсетеді.





