Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Төрт түліктен табыс тапқан

15 мамыр 2025
КҮНДЕРЕК
Төрт түліктен табыс тапқан

Жұмабай Мұсабек

WhatsAppTelegramFacebook

Атакәсіпті тұрмысына арқау еткен шаруаның қазіргі тіршілігі қауырт. Мал буазын аман-есен төлдетіп, қозы-лағын, құлын-бұзауын қатарға қосу үшін түн ұйқыны ұмытқан да аз емес. Өйткені, қорада азын-аулақ тұяқты ұстағандардан гөрі отар-отар, табын-табын, үйір-үйір төрт түлік баққандар қораны аңдиды. Негізі мал төлдету – жауапты кезең. Мұндай қауырт тіршілікті Алакөл ауданына қарасты Еңбекші ауылдық округіндегі «Ақтоған» шаруа қожалығы өткеруде. Жанат Сүйірбаевтың төрт түлігі 90 пайызға жуық төлдеді. Дейтұрғанмен, әлі де алаңдаулы сәттер бар.

2005 жылы құрылған шаруашылық қазір 650 бас қой (саулығы 300 бас), 249 бас жылқы және 60 бастан астам мүйізді ірі қара өсіреді. Оған жуырда сатып алынған 4-5 түйені қосыңыз. «Еңбек түбі – береке» деген осы болар, шаруашылық құрылғанда Жәкеңнің қолында бар-жоғы 25 сиыр болыпты. Шаруасы шалқыған малшы ауылда «қой қоздап, қорада шу».

– Биыл сәтті жыл болып тұр. 300 саулықтан 350 қозы алдық. Әлі де буаз «қоңырлар» бар. Жылдың сәттілігі сол қой егіздетуде. Санын айтқанда, шаруаның байлығын санамалай жөнелеміз ғой. Осынша төл алу үшін біршама тер төктік. Қой іш тастамау үшін қыраулы күндері төрт түлікті тысқа шығармаймыз. Мал ауруының да алдын алып отырамыз. Еңбекші ауылының мал дәрігері «қолдағы байлықтың» амандығын біліп, жиі соғып тұрады. Ауырған малға дереу ем-домын жасайды. Мал төлдету уақытында шығынсыз болу үшін төрт түліктің күйлі болғаны да маңызды рөл ойнайды. Қойды жайылымға жайып келуден бөлек, қорада жем-шөбін тұрақты беріп тұру керек. Қой төлін қатарға қосуда күйектің рөлі зор. Қыс қаһары қайтпай төлдемес үшін қошқарларға күйек кигіземіз, – дейді Жанат Сүйірбаев.

Шаруа қожалық иесі қазір ауылдың 2 адамын жұмыспен қамтып отыр. Ерлі-зайыпты екеуіне тұрақты жалақы төлейді. Бір қызығы, шаруа қожалық иесі «мал иесімін, жалақы төлеп отырмын» деп еңбектен қашпайды. Шопанмен бірге мал қайырып, жемшөбін қамдасып жүреді. Тіпті, үйіне барып тынығудың орнына тұрақты малшы ауылды паналайды. Өзінің айтуынша, «мал баққанға бітеді» екен, бақтырғанға емес.

Жанат Сүйірбаевтың 3 баласы бар. Екі қызы тұрмыста, жалғыз ұлы мал азығын қамдауға ерте көктемнен кірісіпті. Жылдағы әдеті бойынша ұлы Манат Төребеков 190 гектар суармалы егістікке бидай мен жоңышқа егіп, оны күтіп баптайды. Шаруашылық меншігіндегі 3 тракторға күз түскенше тыным жоқ. Өйткені өткен қыста мұндағы төрт түлік 650 орама (рулон) шөп, тонналаған бидайды азық еткен. Биыл мал азығын одан көп жинауы тиіс. Себебі, мал басы көбейген. Айтпақшы, күзгі жиын-терін уақытында комбайн жалдайды екен. Шаруашылық иесі бірер жыл көлемінде комбайн сатып алуды жоспарлап жүргенін жеткізді.

Қазір шаруа қожалық түйе, жылқы сүтін кәсібіне арқау етуді көздеуде. Ел ішінде шұбат пен қымызға сұраныс жоғары. Сиыр сүті де пайдаға асып тұр. Түйе шудасын да қажетке орай пайдалануда. Есесіне, қой жүнін далаға тастауға мәжбүр. Жанат Сүйірбаев осыған қынжылатынын жеткізді. Қазір «Ақтоған» шаруа қожалығы қойдың жабағысын қырқуға дайындалуда. Тонналаған жүннің кәдесіз далаға тасталып, болмаса өртелуі шынында жан ауыртады. Айтпақшы, шаруашылық басшысы бұрын төрт түлікті өрістен тікелей сатып жүргенін, енді мал етін өңдеудің жолын қарастырып жүргенін де жасырмады.

Қырқымнан соң мұндағылар Алакөл ауданына қарасты Жабық деген жерге көш бастайды. Малшы ауылдан 7-8 күндік жерге жету үшін де малдың саулығы керек. Шаруа қожалық иесі немерелерінің де осындай сәтте қасынан табылатынын айтып бір серпілді. Әйтпесе, қазіргі жастар қой бақпақ түгілі аула сыпыруға мұрын шүйіреді емес пе?! Жанат Сүйірбаев балаларды ерте бастан атакәсіпке баулу керегін, оны мәжбүрлеп емес, еліту, еліктіру арқылы жүзеге асыру қажетін жеткізді. Осы әдіспен 2 немересін қасынан тастамайды екен. Атқа мінгізеді, көкпар тартқызады. Салаға қызықтырады.

– Көп жұрт жастарды кінәлайды. Ауылшаруашылығына келмейді, төрт түлікке қыры жоқ деген айып тағады. Көп жағдайда кінәлі аға буын. Біз оларды қызықтыруымыз керек. Мал өсіруге, егін егуге бағдарлауымыз қажет. Қазір балам мен немерелерім қасымнан қалмайды. Кейде көп шаруаны өздері еңсереді, – дейді шаруа қожалық иесі.

Еңбекші ауылы төрт түліктен ырысы тасыған елді мекен. Мұнда 6500 бас қой, 3000-ға жуық мүйізді ірі қара, 2800-ден астам Қамбар ата тұқымы бар. Ауылдық округтің ауылшаруашылығына жауапты маманы Жанат Оразбақов биыл мал төлдету маусымы ойдағыдай жүзеге асып жатқанын алға тартты

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.