«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша еліміздің бірқатар өңірінде күн қатты ысып жатыр. Осыған байланысты табиғи өрт қаупі арта түскен.
Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) тұрғындарды табиғат аясындағы өрт пен су айдындарындағы жазатайым оқиғаларға жол бермеу үшін қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Өрттің негізгі себептері:
-
от жағу,
-
сөндірілмеген темекі мен сіріңке тұқылдарын тастау,
-
құрғақ шөп пен қоқысты рұқсатсыз өртеу,
-
балалардың отпен ойнауы.
ТЖМ ұсынған өрт қауіпсіздігі ережелері:
-
орман мен ашық далада от жақпау;
-
жанып тұрған темекі мен сіріңке тастамау;
-
табиғатта шыны бөтелкелер мен әйнек қалдықтарын қалдырмау;
-
өрт шыққан жағдайда 101 немесе 112 нөміріне хабар беру.
Сонымен қатар, шомылу маусымында да қауіп деңгейі жоғары.
Су айдындарындағы жазатайым оқиғалар көбіне рұқсат етілмеген және жабдықталмаған жерлерде болады.
Судағы қауіпсіздік ережелері:
-
тек арнайы жабдықталған жерлерде шомылу;
-
белгіленбеген жерлерде суға түспеу;
-
су маңында алкоголь қолданбау;
-
буйкалардан аспау;
-
жартастар мен басқа биік жерлерден секірмеу;
-
су көліктеріне жақындамау;
-
жалған дабыл бермеу;
-
балаларды бақылаусыз қалдырмау.
ТЖМ барша тұрғындарды өз өмірі мен жақындарының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қайғылы оқиғалардың алдын алады.





