Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Ұйқы безі қабынып, бауырды май басады»: Дәрігерлер сүрленген ет денсаулыққа зиян екенін айтты

9 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
«Ұйқы безі қабынып, бауырды май басады»: Дәрігерлер сүрленген ет денсаулыққа зиян екенін айтты

assembly.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Дәрігер мамандар сүрленген ет өт ауруларын асқындырып, ұйқы безін қабындыратынын айтады. Ал тұрғындардың көбі бұл пікірмен келіспейді. Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Дәрігерлердің пікірінше, қимыл-қозғалыс айзайған қазіргі заманда сүрленген ет асқазанға ауыр болуы мүмкін. Экологияның тигізер әсері тағы бар. Салдарынан жеген асы сіңбей, ас қорыту жүйесі бұзылғандардың қатары артқан.

«Дамыған мемлекеттерде не үшін (етті – ред.) тұздамайды? Яғни оның зиянын біледі. Сол себептен олар етті тұздамайды, сүрлемейді. Дәрігер ретінде айтарым, етті тұздап, сүрлеп, тоңазытқышқа салу мүлде дұрыс емес. Неге десеңіздер қатты сүрленген етті жегенде, өттің тамуы қиындайды. Екіншіден, ұйқы безі қабынады және бауырды май басады», – дейді дәрігер  Әбілсейіт Құлбаев.

Ал нутрициологтар ет адам ағзасына қажет ақуыздың негізгі көзі екенін алға тартады. Еттің құрамында басқа да пайдалы дәрумендер мен минералдар бар. Алайда, мамандардың айтуынша, пайдалы дәрумендер көбінде жас етте кездеседі екен.

«Еттің құрамында ақуыз бар. Ол иммундық жүйенің және әрбір жасушаның түзілуінде ең басты материал саналады. Пайдасынан бөлек, етті шамадан тыс қолданатын болсақ, ол денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Мысалы, етті шамадан тыс тұтыну жүрек-қан тамыр аурларына әкеп соқтыруы және қатерлі ісіктердің себебі болуы мүмкін», – дейді нутрицолог Гүлнәр Тұрдынова.

Кәсіпкер Саяхат Әсімханұлы «сүр ет – денсаулыққа зиян» деген пікір тұрмыс-салттың өзгеруіне байланысты туындағанын айтады.

«Ежелден қазақтың асы бойға – қуат, дертке – шипа болған. Егер ол анау айтқандай зиян болатын болса, ол тарих қойнауына кетіп қалар еді. Зиян нәрсенің барлығы тұрмыстан алынып қалады. Ата-бабамыздың тұрмысына, тарихына балта шабуға болмайды. Мұны (сүр етті – ред.) зиян қылып алуы қазіргі тұрмысының өзгеруіне байланысты», – дейді кәсіпкер.

Бұл тұрғыда тұрғындардың көбі дәрігерлер пікірімен келіспейтінін жеткізді:

«Қазақ атамыз осы күнге дейін жеп келген ғой. Сол үшін сүр ет жеген денсаулыққа пайдалы деп есептеймін. Өйткені тұзы ағзамызға қажет. Егер рационнан тұзды алып тастайтын болсақ, адам әлсірей бастайды».

«Кезінде солай сақтауға мәжбүр болды. Өйткені тоңазытқыш болмады. Қазір оны дәрігерлер тексеріп, зиянын анықтаған шығар».

«Қазірді өзінде ауылда бәріміз етті сүрлеп жейміз. Жаңа сойған малдың етін көп жегің келмейді. Балалар да соған үйренген. Бірақ оның денсаулыққа қалай әсер етіп жатқанын білмеймін.

«Жоқ, зиян емес. Бұрын қазақтар сүр ет жеп өмір сүрді. Онлардың денсаулығы мықты болған. Дәрігер болмаған заманда сүр етті жеп емделген», – деп пікірін білдірді қала тұрғындары.

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Бүгін, 20:12
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.