Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ұлт жүрегіне ұя салған

1 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Ұлт жүрегіне ұя салған

GOV.KZ

WhatsAppTelegramFacebook

Түбі терең тарихтан, сары алтындай сарқылмас сарыннан нәр алған домбыра қазақ баласының жанын тербетіп, көңілінің күретамырында тамыр тартып тұрған киелі мұра. Осы асыл аманатқа арналған Ұлттық домбыра күніне орай Журналистер үйінде өткен баспасөз мәслихаты да саздың салтанат құрған сәті болды.

Жиын тізгінін облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов алып, қазақ рухының ұлы көші домбыра туралы кең көсіліп сөз қозғады. Жиында сөз алған облыстық Д. Рақышев атындағы филармония директоры Самат Жексембаев елден бұрын домбыраның тілін сөйлетті. Иә, Дина Нұрпейісованың «Науысқы» күйін ойнап, осы бір рухани мәжілістің тынысын түріп, көңілдің көлеңкесін сейілткендей болды.

І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының директоры Әли Алпысбаев:
– Домбыра күніне деген дайындық облысымызда қарқынды жүріп жатыр. Бұл деген баба үнінің қайта жаңғыруы. Домбыра деген қазақтың өзі ғой. Тіпті, күллі әлемнің жүрегіне жеткен үн осы домбыраның үні емес пе?! – деп тебіренді.

Шынында да шанағы шерге толы, қос ішектің қуатынан құдірет тапқан бұл аспап кешегі дала философиясының, көшпелі өркениеттің тілі еді. Домбыра сал-серілердің серігі, жыраулардың жаршысы, батырлардың серттесі. Бір уыс ағаштан жаралғанмен бүкіл ғаламға қазақтың көкірегіндей кеңдік сыйлайтын бұл ғажап дүниенің алғаусыз қадірін тану бүгінгі ұрпақтың мойнындағы аманат.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.