Талдықорған: +29°C
$ 462.30
€ 538.07
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Вице-премьер Ермек Көшербаев Алакөл көлінің жағалауындағы демалыс аймақтарын тексерді

12.07.2025
КҮНДЕРЕК
Вице-премьер Ермек Көшербаев Алакөл көлінің жағалауындағы демалыс аймақтарын тексерді
WhatsAppTelegramFacebook

Басымдық берілетін туристік бағыттардың жай-күйін бағамдау мақсатында өңірлерге жұмыс сапарын жалғастырған ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Жетісу облысындағы басты туристік бағыттардың бірі саналатын Алакөл көлі жағалауы инфрақұрылымының қазіргі жағдайымен танысты. Облыс құрылғаннан бері Алакөл ауданына 4,8 млн турист келген, соның 1,8 млн-ны өткен жылдың үлесінде.

Сапар барысында Вице-премьер коммуналдық жағажайда болды, мұнда өзге де аймақтардағы сияқты кешенді тұрғыда шешуді қажет ететін көптеген жүйелі мәселелердің бар екені анықталды. Бастапқы шарттар бар болғанымен, ашық және қолжетімді аумақтағы көптеген демалыс орындарында санитарлық жағдай, инженерлік және инфрақұрылымдық жағынан бірқатар түйткілдер сақталып қалып отыр.

«Коммуналдық жағажайда демалуға келетін адамдар да жекеменшік демалыс аймақтарындағыдай базалық жайлылықпен, қауіпсіздікпен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл – әділеттілік қағидасы. Адам қай жерде де таза, тәртіпті әрі ретті ортада демалуы керек», — деп атап өтті Ермек Көшербаев.

Премьер-министрдің орынбасары аудан әкімі мен жауапты салаларға жағажайдағы санитарлық жабдықтауды күшейту, қосымша қоқыс жәшіктерін сатып алу, судағы белгілер желісін ұзарту және шағын көлемді кемелерге арналған қауіпсіз кіру аймақтарын белгілеу жөнінде бірқатар тапсырма берді. Сонымен қатар киім ауыстыратын орындар, душ кабиналарын орнату, абаттандыру, соның ішінде белсенді демалыс аймақтарын қалыптастыру мүмкіндігін қарастыру тапсырылды.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жағалау аумағында кезекшілік атқаратын ТЖ қызметкерлерінің санын арттыру мәселесі қарастырылатын болады. Жағажайдағы жайма сауда мәселесіне де ерекше назар аударылды. Вице-премьер сауда нүктелері ретінде су және электр желісіне қосылған тұрақты дүңгіршектер орнату керектігін және оларда санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуы қажеттігін атап өтті.

«Бұл мәселелер тек Алакөлге ғана емес, елдегі барлық өңірлерге тән. Мұндай түйткілдер еліміздің демалыс аймақтарында жиі туындайды. Біз барлық ұсыныстарды жинақтап, үздік тәжірибелерді саралап, Туризм және спорт министрлігінде жауапты мемлекеттік органдардың қатысуымен арнайы кеңес өткізетін боламыз. Туризм — тек бизнес емес, бұл ең алдымен азаматтардың өмір сүру сапасының көрсеткіші», — деді Ермек Көшербаев.

Сапар аясында Вице-премьер Ақши ауылындағы теміржол вокзалында да болып, туристермен тілдесті. Туристердің пікіріне қарағанда, мұнда оң өзгерістер байқалады, алайда жағажайлардың кейбір аймақтарында түйткілді мәселелер демалыс сапасына әлі де көлеңке түсіруде.

«Алакөлге отбасымызбен алғаш рет келіп отырмыз. Вокзалда да, жағажайда да реттілік бар. Жағажайларда, киім шешетін орындар мен душ кабиналары көбірек болса екен дейміз», — деді пікірін білдірген демалушы Галина Чепрына.

«Сегіз жылдан бері бір жерге келіп демалып жүрміз. Қызмет көрсетуі, ауасы, суы — бәрі ұнайды. Дегенмен, жағажай учаскесінің қай-қайсының да, әсіресе тегін аймақтардың бір стандартқа сай болғанын қалаймыз», — дейді алматылық туристер.

Биыл көл жағалауында электрмен қамтамасыз ету мәселесі шешімін тапты. Бескөлден Ақши ауылына дейін ұзындығы 56,7 шақырымды құрайтын жоғары кернеулі электр желісі мен жаңа қосалқы станса салынды. Маусым айынан бастап электр энергиясы үздіксіз беріліп келеді. Жағалау аумағы интернетпен қамтылған, 16 базалық станса жұмыс істеп тұр, сондай-ақ талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылды.

Жұмыс салалық министрліктермен үйлестіріле отырып жүргізілді. Жұмыс тобы құрамына енген барлық вице-министрлер өзінің жауапты бағыттары бойынша демалыс аймақтарына барып, ондағы жағдаймен танысты. Нәтижесінде олар вице-премьерге олардың қазіргі жағдайы мен қабылдануы тиіс қажетті шаралар туралы есеп берді.

«Біз уақытша шешім қабылдап отырған жоқпыз, ұзақ мерзімді, тұрақты жүйе қалыптастырып жатырмыз. Қазақстанның туристік аймақтары халықтың үмітін ақтап қана қоймай, жаңа стандарттарға сай болуы тиіс. Бұл тек туристер үшін емес, ең алдымен қазақстандықтардың өздері үшін маңызды. Барлық өңірлерге жасалған сапарлардың қорытындысы бойынша Үкімет деңгейінде жүйелі шешімдер қабылданатын болады», — деді сөзін қорытындылаған Ермек Көшербаев.

Дереккөз: ҚР Премьер-Министрінің ресми интернет ресурсы

Суреттерді түсірген Жеңіс Ысқабай

Қатысты жаңалықтар

Қаражат оңды-солды, мақсатсыз жұмсалмайды: Тоқаев Ұлттық қордағы қаражат туралы айтты

Қаражат оңды-солды, мақсатсыз жұмсалмайды: Тоқаев Ұлттық қордағы қаражат туралы айтты

28.08.2026
Тоқаев Құрылтай төрағасы қызметіне Айбек Дәдебайды ұсынды

Тоқаев Құрылтай төрағасы қызметіне Айбек Дәдебайды ұсынды

28.08.2026
Президент Вице-Президент пен Премьер-Министрдің кандидатурасын қашан тағайындайтынын мәлімдеді

Президент Вице-Президент пен Премьер-Министрдің кандидатурасын қашан тағайындайтынын мәлімдеді

28.08.2026
Тоқаев 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желі қолдануға тыйым салуды қолдады

Тоқаев 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желі қолдануға тыйым салуды қолдады

28.08.2026
Президент Құрылтайдың бірінші сессиясында бірқатар маңызды заңдарды қабылдауды тапсырды

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясында бірқатар маңызды заңдарды қабылдауды тапсырды

28.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.