Талдықорған: +21°C
$ 466.08
€ 538.56
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ыстанбұл төріндегі Абай тағылымы

11.08.2026
КҮНДЕРЕК
Ыстанбұл төріндегі Абай тағылымы
WhatsAppTelegramFacebook

Абай күні Түркияда да кеңінен аталып өтті. Ыстанбұл қаласындағы Абай алаңында ұлы ақынның туған күніне орай қазақ ұйымдарының жетекшілері, зиялы қауым өкілдері, жастар мен түркиялық қазақтар бас қосты. Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулдығының мұрындық болуымен ұйымдастырылған тағылымды шара Абай мұрасына деген құрметтің, қазақ пен түрік халықтарының рухани жақындығының айқын көрінісіне айналды.

Жиын барысында хакім Абайдың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығы, оның адамзатқа ортақ гуманистік идеялары жайында сөз қозғалды. Абайдың «толық адам» тұжырымы, білім мен ғылымға үндеген өсиеттері, еңбек пен адамгершілікті биік қойған философиясы бүгінгі түркі әлемі үшін де маңызын жоғалтпағаны айтылды.

Абайға деген құрмет тек қазақтардың ғана ықыласы емес. Түркия жұрты да қазақтың ұлы ойшылының шығармашылығын түркі дүниесінің ортақ рухани қазынасы ретінде бағалайды. Ақынның түркі халықтарын білімге, бірлікке, өркениетке ұмтылдырған ойлары бауырлас елдердің рухани байланысын тереңдете түсуде.

Шарада қазақтың белгілі дәстүрлі әншісі Сәуле Жәмпейісова Абай әндерінен шағын концерт ұсынып, көпшілікке ақынның сырлы әлемін әуезді ән арқылы жеткізді. Түркиялық қазақ жастары да өнерлерін ортаға салып, ұлттық мәдениеттің сабақтастығын көрсетті.

Қазақтар тығыз қоныстанған Зейтінбұрны ауданындағы Абай ескерткішінің алды бүгінде жай ғана тарихи-мәдени нысан емес, Ыстанбұлдағы қандастарымыздың басын қосатын рухани орынға айналған. Мұнда қазақтың ұлттық мерекелері мен мәдени шаралары өтіп, ел мен жерден жырақта жүрген ағайынның туған елге деген сағынышы мен ұлттық рухы тоғысады.

Түркиядағы Қазақ ұйымдары қауымдастығының төрағасы Орхун Акдағ Абай тұлғасының бүкіл түркі әлемі үшін маңызын атап өтті.

«Абай – тек Қазақстан үшін емес, бүкіл түркі мемлекеттері үшін маңызды тұлға. Оның идеялары мен адамзаттық ойларының мәні зор. Біз бұл шараны жергілікті әкімшілікпен, Қазақстанның Бас консулдығымен және барлық қазақ ұйымдарымен бірлесіп ұйымдастырдық. Бұл – Абайға деген құрметтің ғана емес, қазақ руханиятына деген ықыластың да белгісі», – деді ол.

Шын мәнінде, Абайдың сөзі шекараға сыймайды. Оның адам болмысы, білім, еңбек, ар-ұят, әділет туралы ойлары қай халыққа да жақын. Сондықтан Ыстанбұл төріндегі Абай ескерткішіне қойылған әрбір гүл – ұлы ақынға тағзым ғана емес, қазақтың бай руханиятына, ұлттық мәдениетіне деген түрік жұртының құрметінің белгісі.

Абайды ардақтау арқылы бауырлас екі елдің арасындағы тарихи әрі рухани байланыс та беки түсуде. Ұлы ақынның мұрасы қазақ пен түрік халықтарын жақындастыратын алтын көпірдің бірі болып қала бермек.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Абай мұрасы – ұлт руханиятының темірқазығы

Абай мұрасы – ұлт руханиятының темірқазығы

11.08.2026
Құжат рәсімдеуде нені ескеру қажет?

Құжат рәсімдеуде нені ескеру қажет?

11.08.2026
Ыстанбұл төріндегі Абай тағылымы

Ыстанбұл төріндегі Абай тағылымы

11.08.2026
Африкалық түйеқұс Талдықорғанда

Африкалық түйеқұс Талдықорғанда

11.08.2026
Қазақстан Халық партиясының Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты мәлімдемесі

Жүйелі қадам

11.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.