Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Заманауи пункт ашылды

Ұлттың ұйытқысы бола білген ауылдық жерлер кейінгі жылдары кең қолдауға ие болып, тұрғындарға мол мүмкіндік берілуде. Өңіріміздегі әр елді мекен кезеңімен жақсарып, тіршілік жанданып келеді. Ескелді ауданындағы Кеңес Одағының батыры Матай Байысовтың есімімен аталатын мыңнан астам тұрғыны бар ауылда жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Ішіндегі құрылғылардың барлығы заман талабына сай.

5 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Заманауи пункт ашылды
WhatsAppTelegramFacebook

Ескелді ауданының әкімі Елдос Ахметов пункттің ашылу салтанатында:

– Береке-бірлігі кетпеген, дархан көңілі алыстан көрінетін ауылдың тіршілігі қыз-қыз қайнап, заман ағымына сай түрленіп келеді. Осыған дейін дәл осы ауылда балалар ойнайтын алаң ретке келсе, көптен бері аузында құлпы тұрған балабақша ашылып, жұмысы қайта жанданды. Ауылға газ толық тартылған. Кезеңімен реттеліп жатқан іс бүгін фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылуымен жалғасты. Алдағы уақытта тағы да бірқатар істі жоспарлап отырмыз, – деді өз сөзінде.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынып, Астана күніне орай пайдалануға берілген фельдшерлік- акушерлік пункттің ашылуында сөз алған облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанетта Нұрманбетова мамандардың біліктілігіне сенім білдіріп, заманауи құрылғыларды меңгергендігін айтты. Артынша ауыл ақсақалдары кеңесінің төрағасы Нұржан Кенжебекұлы игілікті істі батамен бастап, жаңа нысанға аяқ басқан жандарға тілек білдірді. Жаңа нысан халыққа амбулаториялық-емханалық, алғашқы медициналық-санитарлық, шұғыл және профилактикалық қызметтер көрсетеді. Фельдшерлік-акушерлік пункт бір ауысымда 15 адамды қабылдай алады. Есеппен 1 дәрігер, 3 орта, 2 кіші медицина қызметкері жұмыс істейді.

Ескелді ауданында биыл бес нысан жоспарланса, соның ішінде Шымыр мен Матай Байысов ауылындағы медициналық пункт пайдалануға берілді. Ал Жастар, Жалғызағаш, Қайнар ауылдарындағы нысандардың құрылысы қыркүйекте аяқталады деп жоспарланған.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.