Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Заң мен тәртіп: Кәсіпкерлердің құқығы қалай қорғалады?

17 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Заң мен тәртіп: Кәсіпкерлердің құқығы қалай қорғалады?

Мақпал Әділханқызы

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда кәсіпкерлік саласын жан-жақты дамыту және қолдау – мемлекеттің басты стратегиялық бағдарларының бірі болып саналады. Осы орайда, кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ олардың жұмысына заңсыз тексерулердің кедергі келтірмеуін қамтамасыз ету – прокуратура органдарының ең маңызды міндеттерінің қатарында тұр, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы El.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің көліктегі департаментінің азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің аға прокуроры Талғат Айнабеков өз пікірін білдірді.

Прокурордың айтуынша, бүгінде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жүйелі негізде жүзеге асырылып, нақты нәтижелерін беруде. Прокуратура өкілдері заңсыз әрі себепсіз тексерулерді азайтуға күш салып, басты ұстаным ретінде адал жұмыс істейтін бизнеске бюрократиялық бөгеттер мен қысым көрсетілмеуін қамтамасыз етуді басты назарға алып отыр.

Бұл ретте Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушысы 2020 жылғы 25 желтоқсанда бекіткен №162 бұйрықпен қабылданған Қағиданың маңызы зор. Құжат кәсіпкерлерге қатысты тексерулердің қалай жүргізілуі керектігін анық реттейді. Әрбір тексерудің заңға сәйкестігін прокурорлар мұқият қадағалап, қажет болса, тез арада тиісті шара қабылдайды, – дейді Талғат Айнабеков.

Оның келтірген мәліметіне сүйенсек, 2025 жылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің көліктегі департаменті тарапынан мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 531 тексеруді тіркеуге жол берілген. Соның ішінде 18 тексеруді тіркеуден бас тартылып, тағы 6 тексеру мүлде заңсыз деп танылған. Осы заң бұзушылықтар бойынша 24 прокурорлық ықпал ету актісі енгізіліп, нәтижесінде 32 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған.

Сонымен бірге, Талғат Айнабеков елімізде тәулік бойы кәсіпкерлердің өтініштерін қабылдайтын арнайы прокуратура мобильді топтары құрылып, белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Мұндай топтардың байланыс құралдары мен QR-кодтары Бас көлік прокуратурасының ресми сайтында қолжетімді.

Бұл мобильді топтардың басты міндеті – заңсыз әрі негізсіз тексеру әрекеттеріне жол бермеу. Кәсіпкердің құқықтары бұзылғаны туралы кез келген хабарламаға шұғыл жауап беріп, оқиға орнына дереу жету және заңға қайшы тексеруді тоқтату. Мәселен, биылдың өзінде 40-тан астам шағым түсіп, олардың жартысынан көбі расталды, – деп мәлімдеді аға прокурор.

Сонымен қатар, ол қазіргі цифрландырудың да маңызын ерекше атап өтті. Атап айтқанда, «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» атты автоматтандырылған жүйе негізсіз және заңсыз тексерулердің алдын алуға мүмкіндік беріп отыр. Бұдан бөлек, инвесторларға қатысты тексерулер мен әкімшілік іс-шараларды электрондық форматта прокурорлармен келісе отырып жүргізу тәртібі жетілдіріліп, заң бұзудың алдын алу тетіктері күшейтілді.

Сондай-ақ кәсіпкерлер өздеріне қатысты тіркелген тексерулердің бар-жоғын «Qamqor» мобильді қосымшасы арқылы да оңай бақылап отыра алады. Жалпы алғанда, бизнесті қорғау – елдегі тұрақтылықты, құқық үстемдігін және қоғамның сенімін қорғау деген сөз. Бұл бағыттағы жұмыс одан әрі де күшейтіле береді, – деп түйіндеді Талғат Айнабеков.

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.