Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Заң үстемдігі – әділет қалқаны

5 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
Заң үстемдігі – әділет қалқаны

Егемен Қазақстан

WhatsAppTelegramFacebook

Әділеттілік салтанат құруы үшін заң үстемдігі керек. Конституцияда көрсетілгендей, Қазақстанның басты байлығы – адам және оның денсаулығы. Заң сол адам құқығына жұмыс істеуі тиіс. Елімізде жүзеге асып жатқан демократиялық үдерістің де басты мәні осы. Жуырда Талдықорған қаласында заңның үстемдігін қамтамасыз ету және адам құқықтарын сақтау мәселелерін қалыптастырудағы басты мәселелер Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің көшпелі отырысында таразыланды.

Әуелі облыс әкімі Бейбіт Исабаев Салтанат сарайында Комитет өкілдерімен кездесті. Тараптардың кездесуінде аймақ басшысы жоғарғы палата депутаттарына елдің заңдық, құқықтық әлеуетін арттыруға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді. Өңірде өткен көшпелі отырыста талқыланған мәселелер заңды қолдану тиімділігін және қолданыстағы заңнамаға қажетті өзгерістер енгізу бойынша үлкен маңызға ие екенін де жеткізді. Облыс әкімі өз сөзінде аймақта құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың, соның ішінде балалардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталды. Мәселен, облыс мектептеріндегі «Әдеп-құқық жұмысы жөніндегі ментор» жобасы оқушылардың құқықтық тәрбиесіне оң ықпал етуде. «Жанұя» отбасын қолдау орталығы бүгінге дейін өмірлік қиын жағдайға тап болған 205 отбасыға әлеуметтік, заңдық, психологиялық қолдау көрсеткен. Аймақ басшысы, сондай-ақ, құқықтық тәртіпті сақтаудағы цифрландырудың рөлі, соның ішінде бейнекамералар орнату, ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстарын сөз етті.
Салтанат сарайында өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің көшпелі отырысында сөз алған Комитет төрағасы Нұрлан Бекназаров заң үстемдігі мен адам құқықтарын қорғау қағидатын нығайтуда қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру басты рөл атқаратынын алға тартты.

Заңның үстемдігі мен адам құқығын құрметтеу – қоғамдағы әділеттілік, теңдік пен тұрақтылық құрылатын құқықтық мемлекеттің негізгі қағидасы. Мемлекет басшысы «Құқықтық тәртіп» қағидаты құқықтық мемлекеттің іргетасы екенін бірнеше рет атап өтті. Осы орайда қоғамда құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейін қалыптастырудың мәні зор, – деді Нұрлан Бекназаров.

Мұнан соң спикер ҚР Парламенті Сенатының атқарған жұмысына тоқталды. Айтуынша, жоғарғы палатаның ең жоғары жетістігі қатарында «Конституциялық сот туралы» Заң, қылмыстық-процестік заңнамаға енгізілген өзгерістер, соттарды цифрландыру және азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету бастамаларына қолдау көрсету, соттарды кадрлық қамтамасыз етуді күшейту сынды жұмыстары бар.

Артынша сөз алған облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев облыс құрылғалы атқарылған жұмыстарға, халықтың тұрмыс сапасын арттыру, экономикалық көрсеткіштерді жақсарту, адам және бала құқықтарын қалыптастыру төңірегінде тізгін тартты. Ал облыстық мәслихаттың төрағасы Гүлнар Тойлыбаева өңірдегі халық қалаулыларының көтерген жүктемесін жіпке тізді. Мәселен, облыстық мәслихат ҚР Парламенті Сенатына жергілікті мемлекеттік басқару, бюджет, халықты әлеуметтік қорғау, ауылшаруашылық, ветеринария, кәсіпкерлік, сәулет және қалақұрылысы, сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу салаларындағы заңнаманы жетілдіру бойынша 36 ұсыныс жолдаған. Мұның бәрі демократиялық үдеріс негізінде мәслихаттардың салмағын арттырғанын аңғартады.

Жиын соңында Нұрлан Бекназаров Жетісу өңірінде биліктің барлық тармағы арасындағы өзара іс-қимылда айтарлықтай тәжірибе жинақталғанын атап өтті. Бұл өңірлік мәселелерді шешуге оң әсерін тигізіп, қабылданатын шешімдердің сапасын арттырып, халықтың мемлекеттік саясатқа деген сенімін нығайта түседі.

Д. САДЫҚҰЛЫ

 

Қатысты жаңалықтар

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00
Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Бүгін, 14:20
Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Бүгін, 13:30
Шағын шаруаларға серпін берді

Шағын шаруаларға серпін берді

Бүгін, 12:18

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.