Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов стипендия тағы өсетінін айтты.
Сессия барысында біз әлеуметтік саясат пен азаматтарымыздың мүддесі мызғымас басымдық екенін айқын көрсеттік. Ол ең алдымен еліміздің негізгі қаржы құжатында – үш жылдық бюджетте көрініс тапты. Атап айтқанда, оның шығыс бөлігінің шамамен 40 пайызы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталды, — деді ол.
Қошанов атап өткендей, білім беру, денсаулық сақтау салалары мен әлеуметтік төлемдерге баса мән берілді.
Биылдың басынан базалық зейнетақы 6,5 пайыз, сабақтас зейнетақы 8,5 пайыз өсті. Әлеуметтік төлемдер көлемі де, алушылар саны да артты. Қыркүйек айынан бастап стипендия мөлшерін тағы да көтеру жоспарлануда. Кейінгі бес жылда стипендия екі есе дерлік өскенін атап өткен жөн. Оған қоса, ғылыми атақ үшін де үстеме ақы қарастырылды, — дейді Мәжіліс спикері отырыста.
Дереккөз: baq.kz