Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жаңа бөлімше ашылды

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Аутизм және басқа да менталды бұзылулары бар балаларға арналған күндізгі болу орталығы» жанынан жаңа бөлімше ашылды.

29 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Жаңа бөлімше ашылды

Дмитрий ЕРОФЕЕВ

WhatsAppTelegramFacebook

Орталық 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар 125 балаға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіп келеді. Ата- аналар мен мамандар тарапынан көрсетілетін қызметтерге сұраныстың артуына байланысты орталық аясын кеңейту қажеттілігі туындап, жаңа бөлімше ашу туралы шешім қабылданған еді. Жаңа бөлімше АВА терапиясы әдісімен жұмыс істейді. «Болашақ» қайырымдылық қорының облыстағы кураторы Мәдина Манасқызының айтуынша, стационарда мамандар балалардың мінез-құлқын сараптап, қалыптастырумен айналысады.

Ашылған бөлімше 40 балаға арналған. Жалпы аумағы 580 шаршы метрді құрайтын кең әрі жарық. Аралап көргенімізде мамандардың әр баламен жеке, тиянақты жұмыс істеп жатқанына куә болдық. Мұнда балалар жасына, даму ерекшеліктері мен диагнозына сәйкес екі топқа бөлінеді. Жаңа бөлімшеде 8 түрлі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Олар: әлеуметтік-құқықтық, еңбек, мәдени, экономикалық, педагогикалық, тұрмыстық, медициналық, психологиялық шаралар. Бұл қызметтер балалардың әлеуетін ашуға, өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыруға, мінез-құлық және қарым-қатынас қабілеттерін жетілдіруге бағытталады. Орталықтың ашылуына арнайы барған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Сәния Наурызбаева өңірде аутизм диагнозымен 463 бала тіркелгенін тілге тиек етті. Жалпы облыста денсаулығында кінәраты бар балаларға арналған 7 орталық ашылған. Аталмыш орталықтың бас корпусы осыдан 3 жыл бұрын пайдалануға берілген. Содан бері оң нәтиженің арқасында 5 бала жалпы білім беретін мектепке, биыл бір бала балабақшаға ауысты. Аңсар атты 7 жасар баланың анасы Назгүл Серікова сөйлей алмай келген баласының бүгінде жалпы білім беретін мектепке барғанын айтып, қуанышымен бөлісті.

– Келгенде атын айтып шақырсақ қарамайтын баламыз жазу-сызу үйреніп мектепке барды. Қазір әр нәрсені үйренуге, білуге құлшынысы артты. Толыққанды жазылсын деп әлі де сабақтан бос уақытында мамандарға әкелеміз, – деп ризашылығын білдірді. Бұл орталық мамандарының табанды еңбегінің жемісі.

Бөлімшенің басты мақса- ты – аутизм спектрінің бұзылыстары бар балалар мен олардың отбасыларына жан-жақты және уақытылы қолдау көрсету. Орталық ұжымы әрбір балаға ерекше мейіріммен қарап, оның қоғамға бейімделуіне ықпал етуді басты міндет санайды. Өңірде ерекше балаларға деген қамқорлық өте жоғары деңгейде. Бұл – әлеуметтік қызмет көрсету ғана емес, үлкен жүректен туған шынайы мейірімділік пен жауапкершіліктің үлгісі.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.