Талдықорған: +35°C
$ 471.98
€ 543.39
₽ 5.82
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жаңбырлатып суарудың тиімділігі

06.08.2026
КҮНДЕРЕК
Жаңбырлатып суарудың тиімділігі

Суретті түсірген Қанат МАҚАНҰЛЫ

WhatsAppTelegramFacebook

Су үнемдеу технологияларын енгізу облыста кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бекітілген жоспарға сәйкес 2030 жылға дейін аталған технологиялармен қамтылған егіс алқабының көлемі 175,2 мың гектарға жеткізіледі. Биылғы жоспар 79,2 мың гектар болса, оның ішінде 43 мың гектарға тамшылатып суару, 36,2 мың гектарға жаңбырлатып суару жүйесін енгізу көзделген.

Соңғы бірнеше жылдың нәтижесі бұл бағыттағы жұмыстың қарқын алғанын көрсетеді. Егер 2023 жылы су үнемдеу технологиялары небәрі 9,3 мың гектар болса, бүгінде оның көлемі 43,1 мың гектарға жетіп, төрт жарым еседен астам өсті. Қазіргі таңда бұл облыстағы жалпы суармалы егістік көлемінің 20,5 пайызын құрайды.

Өткен жылы аймақта 33,7 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологиясы қолданылып, жоспар 61 пайызға орындалды. Ал биыл 33 шаруашылық 9,4 мың гектар жерге жаңа суару жүйесін орнатты. Оның 3,6 мың гектары тамшылатып, 5,7 мың гектары жаңбырлатып суару әдісіне тиесілі.

Мемлекет тарапынан да бұл бағыттағы қолдау жыл сайын артып келеді. Биыл 24 сәуірден бастап «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалы арқылы су үнемдеу технологияларын енгізуге арналған 12,6 пайыздық жеңілдетілген лизингтік бағдарлама іске қосылды. Қазіргі уақытта осы бағдарлама бойынша алғашқы өтінімдер қабылданып, шаруашылықтар жаңа мүмкіндікті пайдалана бастады.

Облыста тек заманауи суару қондырғылары ғана емес, суды үнемдеудің қарапайым әрі тиімді тәсілі де енгізілуде. Соның бірі – полиэтилен құбырлары арқылы жүзеге асырылатын дискреттік суару жүйесі. Қазіргі таңда бұл әдіс 35 шаруашылықта, жалпы 3,7 мың гектар алқапта қолданылып келеді. Мамандардың айтуынша, аталған технология су шығынын 30 пайызға дейін азайтып, суармалы суды барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Ал су үнемдеу технологиясының нақты нәтижесін Кербұлақ ауданындағы «Агрохолдинг Жетісу» ЖШС қызметінен білуге болады. Бір кездері қуаң тартқан алқап бүгінде жаңбырлатып суару жүйесінің арқасында жайқалған егістікке айналды.

«Агрохолдинг Жетісу» ЖШС директоры Ермек Толыбаевтың айтуынша, шаруашылықтың жалпы жер көлемі 2 мың гектарды құрайды. Бүгінде оның 1375 гектары жаңбырлатып суару жүйесіне қосылған. Осы алқапта 26 ұңғыма қазылып, австриялық «Bauer» компаниясы шығарған 26 жаңбырлатып суару қондырғысы орнатылған. Сонымен бірге, жалпы сыйымдылығы 180 мың текше метрден асатын 6 су сақтау қоймасы салынған.

– Жалпы 5 мың бас ет бағытындағы ірі қара бордақылаумен айналысамыз. Биыл 354 гектарға арпа, 485 гектарға жоңышқа, 70 гектарға күнбағыс, 545 гектарға жүгері ектік. Осы егістіктің барлығы бордақылау алаңындағы 5 мың басқа қажетті жемшөп қорын қамтамасыз етеді. Күнбағысты күнжара алу үшін өсіреміз. Оны шөппен араластырып бергенде ірі қара тәулігіне екі келіге дейін салмақ қосады. Артық қалған техникалық майды көрші мемлекеттерге сатамыз, – дейді Ермек Толыбаев.

Бұған дейін бұл аудан көбіне дәстүрлі мал азықтық дақылдарымен танылса, жаңбырлатып суару жүйесінің енгізілуі егіс құрылымын әртараптандыруға мүмкіндік берген. 70 гектарға егілген күнбағыс бордақылау алаңын құнарлы азықпен қамтамасыз ететін маңызды өндірістік бағытқа айналған.

Бұл тәжірибе заманауи суару технологиясы дұрыс қолданылған жағдайда Кербұлақтың қуаң алқаптарында да майлы дақылдар өсіріп, тұрақты өнім алуға болатынын көрсетеді. Яғни шаруашылық бір жағынан 5 мың бас ірі қараның азықтық базасын қалыптастырса, екінші жағынан ауданның егіншілік мүмкіндігін кеңейтіп, жаңа дақыл түрін игерудің жолын көрсетуде.

Шаруашылықтың бас инженері Аманжол Тоқмахамбетовтың айтуынша, заманауи қондырғылардың басты артықшылығы су шығынын азайтуында.

– Бұл қондырғылар суды егістікке қажетті мөлшерде ғана береді. Соның нәтижесінде артық су жұмсалмайды, су шығыны азаяды. Әсіресе ағын су көзі жоқ мұндай аумақта оның тиімділігі өте жоғары, – дейді бас инженер.

Инженердің бұл пікірі жаңбырлатып суару жүйесінің су тапшылығы жағдайында өндірісті тұрақты жүргізудің нақты құралы екенін аңғартады. Қондырғылар арқылы судың көлемін реттеуге, алқаптың әр бөлігіне қажетті ылғалды дәл жеткізуге болады. Бұл өз кезегінде суды үнемдеп қана қоймай, дақылдардың біркелкі өсуіне де жағдай жасайды.

– Су мәселесі бүгінде өте өзекті. Біз жерасты суын пайдалануға мәжбүрміз. Сондықтан жаңбырлатып суару технологиясының тиімділігі жоғары. Бұл тәсіл суды өсімдікке қажетті мөлшерде ғана береді. Нәтижесінде дәстүрлі арықпен суаруға қарағанда 20-30 пайызға дейін су үнемдеуге мүмкіндік туады, – дейді шаруашылық басшысы Ермек Толыбаев.

Мұндай ауқымды жобаны жүзеге асыру қомақты инвестицияны талап еткен. Өткен жылы серіктестік мемлекеттен жылдық 2,5 пайыздық мөлшерлемемен 4,5 млрд. теңге қаржылай қолдау алып, оған қоса 700 млн. теңге көлемінде өз қаражатын салған. Жалпы 1375 гектар жерді игеріп, суару жүйесін толық іске қосуға осындай көлемде инвестиция бағытталған. Бұған қоса шаруашылық өз күшімен 40 шақырым электр желісін тартып, қазіргі таңда бордақылау кешенін кеңейту жұмысын жалғастырып жатыр.

Суды ұқыпты пайдалану – осы кездің ғана емес, ертеңгі ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Сондықтан су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу өңірдің агроөнеркәсіптік кешенінің тұрақты дамуына, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға негіз болатын маңызды стратегиялық бағыт болып қала береді.

Қажет АНДАС
Кербұлақ ауданы

Қатысты жаңалықтар

Берекесі бесіктен басталған

Берекесі бесіктен басталған

06.08.2026
Жаңбырлатып суарудың тиімділігі

Жаңбырлатып суарудың тиімділігі

06.08.2026
Болашақтың берік негізі

Демократиялық үдерістің дамуы

06.08.2026
Талдықорғанда 41 отбасы жаңа баспана кілтіне ие болды

Талдықорғанда 41 отбасы жаңа баспана кілтіне ие болды

06.08.2026
Жаңарған шаһардың жарқын келбеті

Жаңарған шаһардың жарқын келбеті

06.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.