Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Жансая» – жанға сая

1 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
«Жансая» – жанға сая
WhatsAppTelegramFacebook

«ЖАНСАЯ». Бұл Алакөл ауданына қарасты Ақши ауылындағы «Жансая» сауықтыру лагері. Көпшіліктің жанына сая болған орталық жаңа маусымдағы жұмысын бастады. Мұнда 300-ге тарта оқушы жазғы демалысын өткізеді. Балалар шипалы көл жағасында тынығып, білімін шыңдайды. Демалыс аймағы заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Балаларға арналған түрлі интеллектуалды ойын ұйымдастырылып, денсаулығын жақсарту жұмыстары жүргізіледі.

«Жансая» сауықтыру лагері орталықтың балансына өткен аудан әкімдігінің бұрынғы резиденциясында орналасқан. Оңалту орталығының негізгі мақсаты – медициналық, психологиялық оңалту шараларын жүргізу арқылы ерекше қажеттіліктері бар балалардың әлеуметтік жағдайын қалпына келтіру және оларды әлеуметтік ортаға бейімдеу.

– Бүгінгі таңда лагерь қызметкерлері балаларға барлық жағдайды жасауда. Биыл алғаш болып Талдықорған және Панфилов ауданының балалары демалуға келді. 32 адамға есептелген, ыңғайлы пандустармен жабдықталған бірқабатты ғимаратта 6 жатын бөлме, 2 ойын бөлмесі, медициналық пункт, әкімшілік кабинеттер, асхана бар. Бүкіл лагерь аумағына бейнебақылау орнатылған. Ашық ойын алаңы, жақын жерде жабық бассейн де қарастырылған. Кішкентай науқастар үшін су, музыка, ойын және арттерапия да жоқ емес. Ең бастысы, балалар шипалы Алакөл суына түсіп, уақыттарын тиімді өткізеді, – дейді орталық директоры Берік Серғазин.

2023-2024 жылғы маусымда лагерьде тек Алакөл ауданынан ғана емес, өңірдің басқа аймақтарынан 6 мен 18 жас аралығындағы 350-ден астам адам демалып, сауықтыру курстарынан өткен. Таяуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерінің үшінші маусымының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Орталық басшысы Берік Серғазин, балалар шығармашылық орталығының директоры, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әсия Уалиева, «Жансая» лагерінің жетекшісі Бағдагүл Баекеновалар құттықтау сөз сөйлесе, лагерь қызметкерлері есте қаларлық театрландырылған қойылым көрсетті.

Балалар мен ата-аналар биылғы маусымда 9 кезең бойынша 4 күндік ем алады. Биыл шамамен 320-ға жуық адамды демалту және оңалту үшін лагерь ұжымы өз жұмысына дайын.

Еңлік КЕНЕБАЙ,
Алакөл ауданы

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.