Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жас сарбаздармен «Прокурор сағаты» өткізілді

19 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
Жас сарбаздармен «Прокурор сағаты» өткізілді
WhatsAppTelegramFacebook

5514 әскери бөлімінің оқу пунктінде Талдықорған гарнизонының Әскери прокуроры, әділет полковнигі Еркін Қонайұлы Қожа-Ахметтің қатысуымен жас сарбаздарға арналған «Прокурор сағаты» іс-шарасы өтті. Бұл кездесу жас буын әскери қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтардың алдын алу және әскери тәртіптің маңыздылығын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында әскери прокурор сарбаздарға ҚР Қарулы Күштеріндегі құқықтық тәртіптің маңызы, әскери қызмет өткеру кезінде туындайтын құқықтық қатынастар, әскери қызметшілердің құқықтары мен міндеттері туралы кең көлемде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ол нақты мысалдар келтіре отырып, әскери ортада жиі кездесетін құқықбұзушылық түрлеріне тоқталып, олардың салдарлары мен алдын алу жолдарын түсіндірді.

Әділет полковнигі Еркін Қонайұлы сарбаздарға кез келген құқықтық мәселеде заң аясында әрекет ету қажеттігін ескертіп, заңсыз әрекеттерден сақ болуға шақырды. Өз кезегінде сарбаздар да белсенділік танытып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, толық әрі нақты жауаптар алды. Ашық диалог форматында өткен сұхбат жас жауынгерлер үшін маңызды тәжірибе алаңы болды.

Кездесу соңында әскери прокурор сарбаздарға адал қызмет етудің, тәртіп пен заң талаптарын сақтаудың маңызын тағы бір мәрте еске салды. Оның айтуынша, мұндай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар әскери ортада құқықтық мәдениетті қалыптастырып қана қоймай, тәртіп пен жауапкершілікке деген көзқарасты нығайтады.

Жас сарбаздар үшін өткізілген бұл «Прокурор сағаты» – құқықтық сауаттылықты арттырудың және әскери ортадағы заңдылықты қамтамасыз етудің бірден-бір тиімді құралы болып табылады. Мұндай кездесулер болашақта да тұрақты түрде өткізіліп тұратын болады.

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.