Талдықорған: +11°C
$ 510.59
€ 578.91
₽ 6.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЖЕР – БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ

06.03.2025
КҮНДЕРЕК
ЖЕР – БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ

Жер – адамзаттың басты байлығы. Ел экономикасы да, байлығы да, бақыты да, болашағы да осымен тікелей байланысты. Демек, жерді қорғау, оны барынша тиімді пайдалану, сақтау – әр адамның міндеті. Осы орайда аймақта жерді тиімді пайдалануға қатысты қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Бұл туралы облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ермек Әпеков айтып берді.

– Ермек Омарұлы, Жетісу жері аграрлы аймақ. Сондықтан ол ауылшаруашылығын дамытуға қолайлы. Жалпы облыста аталған сала мақсатында пайдаланылатын қанша жер бар?

– Облыстың жалпы жер қоры 11 846 мың гектар, оның 4 718,2 мың гектары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы мен жайылымға арналған алқаптар бар. Мәселен, 533,4 мың га. егістікке арналса, оның 200, 2 мың га. суармалы, 3,3 мың га. көпжылдық екпелер, 49, 3 мың га. тыңайған жер, 126,4 мың га. шабындық, 3 934,1 мың га. жайылымдық алқап. Қалғаны басқа да шаруашылық жұмыстарын іске асыруға бөлінген.

– Жер нысаналы мақсатына пайдаланылмаса, ол мемлекетке қайтарылып, айналымға енгізіледі? Осыған байланысты атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталсаңыз?

– 2022-2024 жылдары облыс бойынша 1,2 млн. гектар жердің пайдаланылмай жатқаны анықталды, оның 712 мың га. қайта айналымға тартылып, 502,6 мың га. мемлекет меншігіне қайтарылды. Былтырғы жоспарға сәйкес 127,6 мың га. пайдаланылмаған немесе мақсатына сай пайдаланылмаған жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Ал биылғы жоспар 90 мың га. болып белгіленіп, оның бүгінде 12,3 мың гектары қайтарылды.

– Ауылшаруашылығы жерлері мәселесі қалай реттеледі және олардың мақсатты пайдаланылуын тексеру үшін қандай бақылау тетіктері қолданылады?

– ҚР Жер кодексінің 18-1-тармағы, 14-1-бабына сәйкес ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын немесе пайдаланылмайтын жерді анықтау аудан шегарасы, қала шегарасы шегінде және оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының құзыретіне жатады. Кейін құзыреті бойынша шешім қабылдау үшін облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне жолдайды. Сөйтіп, департамент тарапынан бақылау жұмыстары жүргізіліп, жер иелеріне бір жылға ескерту беріліп, шаруашылыққа айыппұл салынады. Егер жер иесі оны пайдаланбаған жағдайда ол учаске сот тәртібімен қайтарылады. Соңғы екі жыл ішінде аталған департамент тарапынан сот тәртібімен 99 шаруашылықтан 89,6 мың га. жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

– Ауылшаруашылығы жерлерін нысаналы мақсатына сай пайдаланылуы қалай бақыланады? Соңғы бір жылда анықталған  бұзушылықтар бар ма? 

– Ауылшаруашылығы жерлерінің нысаналы мақсатының сақталуын бақылау заңдық, технологиялық және әкімшілік шараларды қамтитын кешенді үдеріс. Кадастрларды, геоақпараттық технологияларды, экологиялық мониторингті және салық салу жүйелерін пайдалану ауылшаруашылығы жерлері жағдайының қалай болып жатқанын тиімді қадағалауға және оларды мақсатсыз пайдаланудың алдын алуға көмектеседі. Өткен жылы облыстық жер ресурстарын басқару департаменті тарапынан субъектілерге қатысты 85,2 мың гектар алаңды құрайтын 238 тексеру жүргізілді. Бұзушылықтарды жою туралы 205 ұйғарым беріліп, 9,9 млн. теңге айыппұл салынды.     

– Жер телімдерін бөлу маңызды іс. Бұл жұмыс қазір қалай жүруде және жерді заңсыз басып алуды болдырмау мақсатында қабылданып жатқан шаралар туралы айтсаңыз?

– Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл- шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнінде былтыр 722 учаскені құрайтын 113,5 мың га. жерге конкурс өткізіліп, оның 36,04 мың га. қайтарылған жерлерден табысталды. Осылайша жылдық жоспар 166%-ға орындалды. Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді конкурс арқылы табыстаудың биылғы жоспары 248,0 мың га. құрайды. Жыл басынан 31 учаскені құрайтын 575 га. жерге 2 конкурс өткізілді. Бұған қоса Қаратал, Көксу, Сарқан аудандарында конкурс өткізу жоспарланды. Елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту маңызды бағыттың бірі саналады. Осы орайда коммерциялық мақсаттар үшін былтыр 26 аукцион өткізіліп, жалпы көлемі 32 га. құрайтын 72 жер учаскесі табысталды. Аукцион қорытындысымен бюджетке 276 млн. теңге кіріс кірді. Ал биыл 35 гектар жерді коммерциялық мақсатта аукцион арқылы табыстау жоспарлануда. Бүгінгі күні коммерциялық мақсаттар үшін  6 аукцион өткізіліп, жалпы көлемі 2,7 га. құрайтын 8 жер учаскесі табысталды. ҚР Жер кодексінің 17-бабына сәйкес жер учаскелерін бөлу сұралып отырған жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша құзыретті атқарушы органдардың міндетіне жатады. Жерді заңсыз басып алудың алдын алу мақсатында жыл сайын аудандар мен қалалардың әкімдіктері мониторинг жүргізіп отырады.

– Аймақта пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы жерлерін жаңа фермерлерге беру тәжірибесі бар ма? Бұл үшін жағдайлар қарастырылған болар?

– Шаруа қожалығы немесе фермердің ауыл- шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін мемлекет меншігіндегі пайдалануға берілмеген жер учаскелерін беру ҚР Жер кодексінің 43-1-бабында белгіленген тәртіп бойынша конкурс негізінде жүзеге асырылады. 

Жергілікті атқарушы орган жер учаскелерінің тізбесін дайындайды және хабарлама жасайды. Конкурс өткізу туралы хабарламаны, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жариялауды іске асырады. ҚР азаматтары конкурсқа шығарылатын ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі БАҚ-та жарияланған күннен бастап конкурсқа қатысуға өтінім бере алады. Ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдастырған конкурс негiзiнде берiледi. Атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан, қатысушылар  арасында өткізілген конкурстардың қорытындысына келіспей, арыз-шағымдар түсуде. Заңдылықты тексеру барысында аудан әкімдіктері мамандары тарапынан конкурс өткізу барысында ережелердің өрескел бұзушылықтарына жол берілгені анықталуда. Осы орайда, заңсыздықтардың алдын алу үшін ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді агроэнеркәсіптік кешені субъектілеріне жер учаскелерін жедел және ашық бөлудің барлық процедурасын цифрландыру көзделуде. Облыс бойынша алғаш рет «Заң бойынша жер» пилоттық жобасын іске асыру жоспарлануда. Бұл облыс прокуратурасы мен облыстық жер қатынастары басқармасымен бірлесіп қолға алынып жатыр. Жоба республикада бірінші болып пилоттық режимде Сарқан ауданында іске асады. Ол өз тиімділігін көрсетсе, бұл жоба барлық ел аумағында іске қосылады. Бүгінгі күні пилоттық режимде электронды конкурс өткізуді іске асыру бойынша орталық мемлекеттік органдармен жұмыстар жүргізілуде. Бұл жерді бөлудің бұрынғы тәсілінен бас тартып, оны толық автоматтандыруға қол жеткізуге бағытталған. Конкурсқа рейтингтік-балдық жүйе енгізіліп, оның қорытындысы жергілікті әкімдіктер мамандарының қатысуынсыз бірден жарияланады. Бұл енгізілген жаңашылдық жемқорлықтың алдын алуға, бизнесін жаңа бастаған және әлеуметтік бағыттағы кәсіпкерлерді қолдауға, бизнес өкілдерінің өз ісін ашық жүргізуін ынталандыруға, шаруа қожалықтарында істейтін жұмысшылар құқығын қорғауға оң ықпалын тигізеді деп санаймыз.

– Аймақта жайылым жерлерге тапшылық бар ма? 

– Облыста жайылымдық жерге деген тапшылық бар. Әсіресе ол Ескелді, Қаратал және Көксу аудандарында ерекше сезіледі. Осы орайда аудан мен қала әкімдіктерімен 5 жылға немесе 2025-2029 жылға арналған жайылымдарды басқару немесе оларды пайдалану жөніндегі жоспарлары бекітілді. Сондай ақ, әр елді мекендегі жеке аулада мал жайылу үшін қоғамдық жайылымға арналған жер учаскелерінің шегарасы көрсетілген. Осы шегарада жеке азаматқа берілген жер учаскесі анықталған жағдайда ол жер мемлекет меншігіне қайтарылып, елді мекеннің жайылымына берілетін болады. Осы орайда соңғы 2 жылда елді мекен жайылымына 62,8 мың га. бекітіліп, оның ішінде қайтарылған жерден 52 мың га., босалқы қордан 10,8 мың га. берілді. 

– Соңғы жылдары ауылшаруашылығы жерлерінің тозуы мен сарқылуы, ластануы аса өзекті мәселенің біріне айналуда. Осыны болдырмау үшін қандай шаралар қабылданып жатыр?

– Топырақты, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді қалпына келтіру және құнарлылығын арттыру мақсатында 2024-2030 жылдарға арналған өңірлік Жол картасы бекітілді. Осыған сәйкес «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» РМК облыстық филиалы эрозияға ұшыраған аймақтарды анықтау, олардың шегараларын белгілеу жұмыстарын жүргізіп, бүлінген жерді қалпына келтіру шаралары қарастырылады. Бұл жеке жер пайдаланушының аумағында анықталған жағдайда оған бүлінген жерді қалпына келтіру туралы 1 жылға ескерту беріледі. Жер иесі бүлінген жерді қалпына келтіру шарасын қабылдамаған жағдайда, ондай жер иесімен жерді мемлекетке қайтару бойынша жұмыстар жүргізіледі. Ал эрозияға ұшыраған жер мемлекет қорында болған жағдайда, ондай жерді мемлекет есебінен қалпына келтіру қарастырылады. Бүгінде мұндай жерлер Сарқан ауданы Лепсі ауылдық округі аумағынан анықталды. Осыған шара қолдану үшін басқарма тарапынан Сарқан ауданы әкімдігіне мәлімет жіберілді. Мұндай мәселе Алакөл ауданы Екпінді ауылдық округінде де анықталды.

–  Жер есебін цифрландыру жағдайы қалай? Ауыл шаруашылығы жер телімдерінің жүйесі қаншалықты ашық?

– Геоақпараттық порталдың цифрлық жер есебін пайдалану азаматтарға жер, қала құрылысы, өзге де ақпаратқа ашық қол жеткізуге, сондай-ақ,  электронды форматта мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік береді. Геопортал мемлекеттік органдар үшін жерге орналастыру, қала құрылысын жоспарлау, басқару шешімдерін қабылдау, қысқа мерзімде мемлекеттік қызметті барынша сапалы орындау құралы болып саналады. 

Жүйенің басты артықшылығы толық әрі өзекті ақпараттың болуымен ерекшеленеді. Сонымен бірге жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры немесе жария кадастрлық картасы жұмыс істейді. Бұл жүйеде жер пайдаланушылар туралы мәліметтер мен бос тұрған жер учаскелері жайындағы ақпараттарды көруге мүмкіндік бар. Жүйе кез келген азаматқа қолжетімді.

– Рахмет

Сұхбаттасқан Айгүл Байбосынова
 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандық үш боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық үш боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

21.05.2025
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

21.05.2025
Тариф көтереміз деп сотталып кетті: Жетісуда пара беру дерегі бойынша сот үкімі шықты

Тариф көтереміз деп сотталып кетті: Жетісуда пара беру дерегі бойынша сот үкімі шықты

21.05.2025
Жетісу облысына – 3 жыл: мәдениет саласының инфрақұрылымын жаңарту 40% жетті

Жетісу облысына – 3 жыл: мәдениет саласының инфрақұрылымын жаңарту 40% жетті

21.05.2025
«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алуда

«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алуда

21.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.