Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу облысында мал басы мен өнім көлемі артты

9 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Жетісу облысында мал басы мен өнім көлемі артты

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін екі есеге ұлғайту мақсатында бекітілген 2024-2028 жылдарға арналған Жол картасының индикативтік көрсеткіші Жетісу облысында жоспарға сәйкес орындалуда. Өткен 5 айда мал саны 4%-ға өсіп, 2,8 млн. басты құрады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында облыс әкімі Бейбіт Исабаев айтты.

Биылғы жылғы ауа райының қолайсыздығы ескеріліп, азықтық дақылдардың егіс көлемі 97,4 мың га жеткізілді. Нәтижесінде мал қыстату науқанына 2 млн. 236 мың тонна жем-шөп дайындалуда.

Осы орайда өткен 5 айда мал басы 4%-ға, асыл тұқымды мал басы 13,4%-ға артты. Жыл басынан ет өндірісі 3,2%-ға, сүт өндірісі 2,6%-ға  ұлғайды.

Мал шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттен жалпы 7,1 млрд. теңге субсидия бөлініп, игерілуде. Ал ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру үшін биыл 4,9 млрд. теңге қарастырылып отыр.

«Саланың материалдық-техникалық базапсын нығайтуға көп көңіл бөлініп келеді. Мәселен, 2022-2025 жылдары облыстық бюджеттен 2 млрд. теңге бөлініп, 71 ветеринариялық пункт пен 1 ветеринариялық станция салынды. Ал 2026 жылы қосымша 16 ветпункт салынып, облыстағы қажеттілік толығымен жабылады. Ветеринариялық пункттер интернет желісімен, вакцина сақтайтын тоңазытқыштармен, ветеринар мамандар 78 дана арнайы автокөліктермен, оның ішінде мал өлекселерін өртейтін 2 жылжымалы автоинсинератор және вакцина таситын 1 рефрижератормен қамтамасыз етілген», — деді Б. Исабаев сөз сөзінде.

Сондай-ақ ветеринар мамандарының орташа жалақысы 2023 жылы 120 мың теңгеден 250-350 мың теңгеге дейін көтерілді.

Аса қауіпті жұқпалы ауруларының 14 түрінің алдын алу бойынша 6,1 млн. екпе жұмыстары жүргізілді, бұл ретте жылдық жоспар 13,3 млн. Нәтижесінде биыл аса қауіпті аурулардың пайда болу ошақтары тіркелген жоқ.

«Фермадан үстелге дейін» қағидасына сәйкес мал шаруашылығы өнімінің қадағалануын қамтамасыз ету мақсатында биыл 2 блокты-модульді мал сою пунктін сатып алу жоспарланған, оған бюджеттен 103 млн. теңге бөлінді.

Сонымен қатар жеке кәсіпкерлер тарапынан Талдықорған қаласы мен Кербұлақ ауданында 2 мал сою пункттері жабдықталып, іске қосылды.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.