Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда мал дәрігерлеріне жаңа автокөліктер мен марапаттар табыс етілді

10 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Жетісуда мал дәрігерлеріне жаңа автокөліктер мен марапаттар табыс етілді
WhatsAppTelegramFacebook

Тіл сарайында ветеринария қызметкерлері күніне арналған мерекелік шара өтті. Салтанатты жиында сала еңбеккерлері марапатталып, оларға құрмет көрсетілді.

Мал дәрігерлерін кәсіби мерекелерімен арнайы құттықтауға келген облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев салада еңбек етіп жүрген азаматтардың қуанышына ортақтасып, алғысын жеткізді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Мал басының амандығы және өнімділігі жергілікті ветеринарлардың тиімді жұмысына байланысты. Бұл, түптеп келгенде, ауылдағы ағайынның әл-ауқатына тікелей әсер етеді», – деп атап өткен еді. Ветеринария қызметі қазіргі заман талабына сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерін арттыру мүмкін емес. Сондықтан бұл салада жүйелі жұмыс жүргізілуі тиіс. Осы ретте облыс әкімдігі тарапынан ветеринарияға жоғары деңгейде көңіл бөлінуде. Жетісу облысы құрылғаннан бері ветеринария саласының материалдық-техникалық базасын жақсартуға бюджеттен 2 млрд теңге бөлінді. Ауыл шаруашылығы жануарларының саны көбейіп келеді. Жыл басынан бері облыста төрт түлік мал басы 4%-ға өсіп, 2,8 миллионға жетті. Ветеринария мамандарының жалақысы да 150 мың теңгеден 250–300 мың теңгеге дейін артты, – деді Әлібек Әскербекұлы.

Сондай-ақ, ветеринария саласының әлеуметтік-экономикалық, биологиялық және медициналық-санитарлық бағыттардағы маңызы зор екені айтылып, осындай қолдаудың арқасында ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті жұқпалы ауруларының алдын алу сапалы жүзеге асырылуы қажет екені ескертілді.

Өз кезегінде облыстық ветеринария басқармасының басшысы Нұрлан Жамаубаев сөз сөйлеп, салада атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Оның айтуынша, биыл ветеринариялық шараларды ұйымдастыруға 4,9 млрд теңге бөлінген. Жыл басынан бері облыс аумағында жануарлардың аса қауіпті аурулары тіркелмеген. Аймақтағы 129 сібір жарасы көмінділеріне күтім жасау мен жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 9,06 млн теңге қарастырылып, олардың барлығы талапқа сай қоршалып, ескертпе белгілері қойылған. Аталған нысандардың барлығы «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрлық картасына» енгізілген.

Бір сөзбен айтқанда, Жетісу облысы құрылғалы бері ветеринария саласына айрықша көңіл бөлініп, материалдық-техникалық база жаңартылып, салаға жаңа серпін берілді. Адам мен жануарларға ортақ аурулардың алдын алу жұмыстары сапалы жүргізіліп, ауру ошақтары азайған. Бүгінде облыстағы эпизоотиялық жағдай тұрақты және тұрақты бақылауда.

Жиында ветеринария саласының ардагері Айдарбек Жантайлақов сөз алып, әріптестерін құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Сондай-ақ аймақтың ветеринария саласын дамытуға үлес қосқан қызметкерлер марапатталды. Облыстық аумақтық инспекциясының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы Гүлзира Дәулетбекқызы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Бірқатар азамат облыс әкімінің «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хатына», сондай-ақ «Ветеринарияның құрметті қызметкері» және «Еңбек адамы» медальдарына ие болып, қуанышқа кенелді.

Бұдан бөлек, Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандары мен Текелі және Талдықорған қалаларындағы ветеринариялық станцияларына «Нива» маркалы 10 автокөліктің, Алакөл ауданына жылжымалы автоинсенератордың кілті табыс етілді.

Айгүл Байбосынов
Суретерді түсірген Жұмабай Мұсабеков

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.