Талдықорған: +30°C
$ 523.46
€ 600.04
₽ 6.69
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу облысының құрылғанына 3 жыл толуына орай жаңартылған энергия көздерінің он сегізінші нысаны іске қосылды

08.06.2025
КҮНДЕРЕК
Жетісу облысының құрылғанына 3 жыл толуына орай жаңартылған энергия көздерінің он сегізінші нысаны іске қосылды

Бүгін Жетісу облысының құрылғанына үш жыл толуына орай өңірде жаңа су электр станциясы пайдалануға берілді. Қора өзенінде салынған бұл ГЭС – өңірдегі жаңартылған энергия көздерінің 18-ші нысаны. Жаңа ГЭС-тің жылдық қуаты 26 МВт, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Ескелді ауданының Қора өзеніндегі ГЭС-3 нысанын іске қосу салтанатында алдымен станция құрылысы туралы фильм көрсетіліп, ҚР Энергетика министрінің орынбасары Сұңғат Есімхановтың  бейнеқұттықтауы берілді. Сондай-ақ іс-шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов облыстың құрылғанына 3 жыл толуына және жаңа нысанның ашылуына орай құттықтау тілегін білдірді:

– Қора өзеніндегі ГЭС-3 нысанын пайдалануға беру – Қазақстанның энергетика саласын дамытудағы ауқымды стратегияның бір бөлігі. Жалпы гидроэнергетика елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарып, парниктік газдар шығарындыларын азайтуға қол жеткізуге ықпал етеді. Сондықтан бұл нысан – сенімді энергия көзі ғана емес, сонымен қатар экологияны сақтауға деген маңызды қадам. Қора өзеніндегі ГЭС-3 жобасы инфрақұрылымды дамытуға және жергілікті халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді деп сенеміз. Су электр станциясының жұмысы жемісті болып, өңіріміздің дамуына үлес қосуына тілектеспін, – деді Ә. Қанағатов.

Өз кезегінде  жобаны жүзеге асырушы «Қора ГЭС-2» ЖШС-ның директоры М.Тукенов пен құрылтайшысы «АСПМК-519» ЖШС бас директоры А. Сычов сөз сөйлеп, атқарушы орган мен бизнестің әріптестігі, кәсіпкерлік саласына көрсетіліп отырған қолдаулар жайлы айтып, энергетика саласын дамытуға әрдайым дайын екендіктерін жеткізді. Сондай-ақ А. Сычев: «Облыстың 3 жылдығына сый ретінде бүгін Құрбан айт мерекесінде Текелі қаласындағы саябақты реконструкциядан өткізуге 50 млн. теңге бөлетінімізді жеткізгім келеді. Біз бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін естен шығармаймыз», — деді ол.    

Мұнан соң қызыл тетік басылып, ГЭС символдық түрде іске қосылды. Ресми қонақтар ГЭС-тің жұмыс процесімен танысып, ішін аралап көрді.

ГЭС бастығы Ілияс Хамитовтің айтуынша, жобаға 10,5 млрд. теңге жеке инвестиция тартылып, 21 тұрақты жұмыс орны құрылды.

– Бұл станцияда мамандар тәулік бойы екі ауысыммен жұмыс істейді. Жұмыс негізінен автоматтандырылған. Мамандар тек қондырғылардың жұмысын бақылап отырады. Станцияда Австрияда жасалған гидроагрегат қондырғылары орнатылған. Қазіргі кезде австриялық мамандар екі жылдық сервистік қызмет аясында қондырғылардың дұрыс жұмыс жасауын қашықтан қадағалап отыр. Ары қарай өзіміздің мамандар жұмысты толықтай өздері жүргізеді. Жалпы бұл ГЭС электр энергиясына жыл сайын артып келе жатқан қажеттілікті қамтамасыз етуге, электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын арттыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға, сол сияқты жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы халықтың әл-ауқатын көтеруге ықпал етеді, – дейді ГЭС бастығы.

Жаңа нысанға тұрақты жұмысқа орналасқан мамандардың бірі текелілік Асхат Хамитов.

– Өзім Текелі қаласында тұрамын. Текелі қаласының кәсіптік колледжін бітірдім. Колледжді бітірген соң бірден «Қора ГЭС-2» ЖШС-ға жұмысқа тұрып, бір жылдан бері осында еңбек етемін. Осы өңірден өз мамандығым бойынша жұмыс табылғанына қуандым. Мұнда гирдотехника қондырғыларының слесарімін. Маған өз жұмысым ұнайды. Жас маман ретінде тәжірибе жинап, көп нәрсе үйрендім, – дейді А. Хамитов.

Қазіргі кезде облыста Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Сарқан аудандары мен Текелі қаласында белгіленген қуаттылығы 225,4 МВт болатын жалпы саны 17 жаңартылған энергия көздері (ЖЭК) нысаны жұмыс істейді. Бүгінгі ашылған станция – өңірдегі 18-ші ГЭС. Жыл соңына дейін белгіленген қуаттылығы 20,6 МВт болатын, жалпы құны 10,4 млрд. теңгелік 2 су электр станциясының жобасын аяқтау жоспарлануда.

Атап өтсек, жыл басынан бері Жетісу облысында өндірілген электр энергиясы 247,3 млн. кВт/сағ, оның ішінде ЖЭК үлесі – 191,8 млн.кВт / сағ, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16%-ға артық.

Қатысты жаңалықтар

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

23.06.2025
Құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

Құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

23.06.2025
«Қиындықтар туындауы мүмкін»: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

«Қиындықтар туындауы мүмкін»: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

23.06.2025
Алаяқтықпен күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті – Тоқаев

Алаяқтықпен күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті – Тоқаев

23.06.2025
Мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар қосымша құн салығынан босатылмақ – Салық кодексі мәжіліске қайтарылды

Мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар қосымша құн салығынан босатылмақ – Салық кодексі мәжіліске қайтарылды

23.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.