Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу жеріндегі Сақ қорғандары тоналып жатыр: тарихшылар дабыл қағуда

20 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
Жетісу жеріндегі Сақ қорғандары тоналып жатыр: тарихшылар дабыл қағуда

Видеодан алынған кадр

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында мемлекет қорғауындағы тарихи және мәдени ескерткіштер мен көне обалардың саны мыңға жуық. Басым бөлігі ежелгі Сақ дәуірінен қалған. Тарихшылардың айтуынша, бұл көрсеткіш нақты саннан әлдеқайда аз болуы мүмкін. Себебі көп обалар әлі зерттелмеген және мемлекет қорғауына алынбаған. Соның салдарынан тарихи нысандар тоналып, құнды жәдігерлер қолды болып жатыр.

Бұл туралы 7-su.kz ақпарттық порталы «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәселен, Жаркент қаласынан 100 шақырым қашықтықтағы Сарытауда орналасқан көне оба белгісіз біреулер тарапынан қазылып кеткен. Сақ дәуіріне тиесілі қорғанның ішінен бағалы заттар іздеген. Ал жерленген адамның сүйегі жер бетіне шығып, шашылып жатыр.

Бұл жағдайды алғаш болып жергілікті тұрғын Олег Тихомиров байқаған. Оның айтуынша, көне қорымды ерте көктемде, ел жайлауға шықпай тұрған шақта қопарған болуы мүмкін. Ол:

«Ерте көктемде бұл жерде адам болмайды. Шаруалар малын енді ғана шығарып жатыр. Сол кезді пайдаланып, ешкімге білдірмей қазып кеткен. Осындай заңсыз әрекеттерге тосқауыл қойылуы керек», — дейді.

Обаның шығыс жағынан кіретін дәліз ұқыппен қазылған. Өлкетанушы әрі тарихшы Қали Ибрайымжанов бұл секілді обаларды 10 жылдан астам уақыт зерттеп келеді. Оның айтуынша, қорғандарды қорғауға алу туралы бірнеше рет ұсыныс жасалғанымен, нақты нәтиже шықпаған.

«Бұл — біздің мыңжылдық тарихымызға жасалған қастандық. Мұндай жағдай адамгершілікке де, ұлттық санаға да жат. Сақ дәуірінен қалған нақты заттай деректер енді қайтып табылмауы мүмкін», — дейді өлкетанушы.

Жетісу облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау орталығы бұл мәселеден хабардар екенін айтады. Қазіргі таңда құзырлы органдармен бірлесіп жұмыс жүргізіліп жатыр. Облыстық ескерткіштерді қорғау орталығының директоры Ғалымжан Оспанов:

«Сақ дәуірінде алтын мен құнды жәдігерлер көп табылғандықтан, қара археологтар көбейіп кетті. Қазір бұл мәселе бойынша құқық қорғау органдарына шағым түсіріп, қажетті шараларды қолға алып жатырмыз», — деді.

Тарихшылардың пайымдауынша, егер көне ескерткіштер жаппай мемлекет қорғауына алынып, арнайы белгілер орнатылмаса, мұндай тонаулар тоқтамайды. Нәтижесінде ел тарихының маңызды беттері қолды болып, құнды мұралардан айырылып қалу қаупі артып келеді.

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.