Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда балалар лагерінде нашақорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

17 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Жетісуда балалар лагерінде нашақорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілді
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісуда жазғы лагерьлерде нашақорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жетісу облысында жазғы маусым басталғалы бері өсіп келе жатқан жас ұрпақ арасында нашақорлықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Маусым айынан бастап барлық балалар лагерінде жасөспірімдердің есірткіге деген теріс көзқарасын қалыптастырып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар өтуде. Осындай іс-шаралардың бірі — Текелі қаласындағы «Жетісу» балалар лагерінде өткен «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы болды.

Шараға Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, облыстық нашақорлықтың алдын алу кеңесінің мүшелері және азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Атап айтқанда, блогер Х.Галимжанов «Жақсылық жаса» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Х.Қусанова, облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог-дәрігері Т.С. Мұхамеджан және Талдықорған политехникалық колледжінің түлегі З. Құрмашева. 

Демалушылар үшін спорттық эстафеталар, танымдық викториналар мен тақырыптық байқаулардан құралған мазмұнды мәдени-танымдық бағдарлама ұсынылды. Жасөспірімдермен тікелей тілдесуге ерекше көңіл бөлінді. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі жасөспірімдерге заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы, есірткінің зияны мен құқық қорғау органдарына сенім білдіру қажеттігі туралы түсіндірме жұмысын жүргізді. Кеңес мүшелері жастардың есірткіге бейімделу себептерін, психологиялық тәуелділік пен психобелсенді заттарды қолданудың кері әсерлерін ашық талқылады.

Кездесу соңында балаларға зиянды әдеттерден аулақ болу, спортпен айналысу, қызығушылықтарын дамыту және өзін қолдайтын, жағымды орта қалыптастыру жөнінде пайдалы кеңестер берілді. Іс-шара қорытындысында барлық қатысушыға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.