Жетісу облысында жергілікті деңгейде спорттық жарыстарды өткізуге бюджеттен Т2,1 млрд-тан астам қаражат сұрауда , деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы ҚазТАГ агенттіктіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Жергілікті деңгейде спорттық жарыстарды өткізу», мың теңге – ҚазТАГ): 2024 жыл — 906 111; 2025 жыл — 212 988; 2026 жыл — 325 375; 2027 жыл — 341 644; 2028 жыл — 358 727», — деп облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасының бюджет жобасында айтылған.
Жалпы сома – Т2 144 845 000.
Бюджеттік жобаның негіздемесі бойынша, шығыстар Жетісу өңірінде түрлі спорттық шараларды ұйымдастыруға және өткізуге көзделген.
Мақсаты — іс-шараларды ұйымдастыру, өткізу және халық арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту болып табылады.
«Міндеттер: облыстық деңгейде спорттық іс-шараларды өткізу үшін облыста жағдай жасау», — деп жобада міндеттелген.





