Бұл – республика көлемінде бұрын-соңды болмаған жаңа форматтағы мәдени шара. Үш күнге созылған өнер додасына Жетісу облысындағы 50 мектептен 50 театр ұжымы қатысып, өзара шығармашылық жарысқа түсті.
Байқауға ұсынылған қойылымдар «Нашақорлық», «Жасөспірімдер буллингі», «Ұстазын ұлықтаған ұрпақ үні», «Ата-ана, оқушы, ұстаз», «Менің арманым» тақырыптарында сахналанды. Әр қойылым 20–30 минутқа созылып, жас әртістер актерлік шеберлікті кәсіби деңгейде көрсете білді.
Қазылар алқасы құрамында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Кендебай Темірбайұлы, Халық әртісі Алмахан Кенжебекова және театр өнерінің өзге де майталмандары болды. Олар оқушылардың сахналық тілі, пластикасы, идея тереңдігі мен тәрбиелік мәніне назар аударды.
Алмахан Кенжебекова:
«Оқушылар театры – бұл тек сахналық өнер ғана емес, баланың рухани дамуы мен өмірге көзқарасын қалыптастыратын маңызды алаң. Театр арқылы бала тек ойнауды емес, адамды түсінуді, сөйлей білуді, ел алдына шығуға батыл болуды үйренеді», – деді.
Байқау аясында оқушылар тек актер ғана емес, гример, костюмер, мобилограф секілді шығармашылық мамандықтарда да тәжірибе жинақтады. Бұл – балалардың өнерге кешенді түрде қызығушылығын арттыруға сеп болған жаңа әдіс.
Сахнадағы өзекті тақырыптар
Байқау барысында қойылған қойылымдарда жастар қоғамдағы әлеуметтік проблемалар – нашақорлық, буллинг, ұстаз беделі, ата-ана мен бала арасындағы байланыс, арман мен өмір жолы секілді өзекті мәселелерді көтерді. Оқушылар бұл тақырыптарды көркем тілмен жеткізе отырып, көрерменге терең ой салды.
Рухты көтерген марапат кеші
Байқау қорытындысында облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев арнайы қатысып, жеңімпаздарды марапаттады. Ол театрдың тәрбиелік маңызын айта келе, бұл жобаның жыл сайын дәстүрге айналатынын жеткізді.
«Театр – тек көркем өнер ғана емес, бұл – ұлттың рухани жаңғыруының алтын діңгегі. Қазіргі жаһандану заманында осындай байқаулар арқылы жастарымызды ұлттық құндылыққа жақындатамыз», – деді М.Көлбаев.
Жеңімпаздар тізімі
«Нашақорлық» тақырыбы:
-
Бас жүлде – Көксу ауданы, Жалайыри атындағы орта мектеп
-
1 орын – Алакөл ауданы, Қабанбай батыр орта мектебі
-
2 орын – Ақсу ауданы, Мамания орта мектебі
-
3 орын – Текелі қаласы, №1 орта мектеп
«Жасөспірімдер буллингі»:
-
Бас жүлде – Ескелді ауданы, Бақтыбай орта мектебі
-
1 орын – Сарқан қаласы, Н.Островский атындағы мектеп
-
2 орын – Кербұлақ ауданы, Сарыөзек орта мектебі
-
3 орын – Талдықорған қаласы, №15 мектеп
«Ұстазын ұлықтаған ұрпақ үні»:
-
Бас жүлде – Талдықорған қаласы, №19 мектеп-гимназия
-
1 орын – Көксу ауданы, Қызыларық орта мектебі
-
2 орын – Панфилов ауданы, Пенжім орта мектебі
-
3 орын – Ақсу ауданы, Кеңжыра орта мектебі
«Ата-ана, оқушы, ұстаз»:
-
Бас жүлде – Кербұлақ ауданы, №49 орта мектебі
-
1 орын – Панфилов ауданы, Ы.Алтынсарин мектебі
-
2 орын – Ескелді ауданы, Ш.Уәлиханов мектебі
-
3 орын – Қаратал ауданы, М.Горький мектебі
«Менің арманым»:
-
Бас жүлде – Текелі қаласы, №6 орта мектебі
-
1 орын – Талдықорған қаласы, А.Макаренко мектебі
-
2 орын – Қаратал ауданы, І.Есенберлин мектебі
-
3 орын – Панфилов ауданы, Ш.Уәлиханов мектебі
Арнайы номинациялар:
-
Үздік жас актриса – Ақниет Серікқызы (Кербұлақ ауданы, Нұрым мектебі)
-
Үздік жас актер – Ақжол Берланұлы (Текелі қаласы, №3 мектеп)
-
Үздік сахналық костюм – Пенжім орта мектебі
-
Үздік жас режиссер – І.Есенберлин мектебі (Қаратал ауданы)
-
Үздік декорация – №9 мектеп (Талдықорған)
Дереккөз: baq.kz