Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісудан табылған ортағасырлық қалаға әлі сараптама жасалған жоқ

13 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
Жетісудан табылған ортағасырлық қалаға әлі сараптама жасалған жоқ

Фото: Ольга Гумированың Facebook-тегі парақшасынан

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстандық зерттеушілер Жетісу өңірінен бұрын белгісіз болып келген ортағасырлық қаланың орны болуы ықтимал жаңа археологиялық нысан тапқан. 

Бұл туралы 7-su.kz ақпарттық порталы kaz.inform.kz  сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

– Бүгінгі күн бекер өткен жоқ – біз бұрын тек жазба деректерден ғана белгілі болған ортағасырлық қаланың орнын таптық деп ойлаймыз. Археологтар бұл туралы хабардар, — делінген петроглифтер зерттеуші топтың өкілі Ольга Гумированың жолкүнделігіндегі жазбада.

Сонымен қатар бұл нысан алғаш рет бір карьер аумағында байқалған. Ғалымдар жер бетінен шығып тұрған күйдірілген кірпіш пен қабырға қалдықтарын, сондай-ақ ішінара сақталған мұнараны анықтаған. Алдын ала болжам бойынша, қала XIII ғасырдағы моңғол шапқыншылығы кезінде өртеліп, қиратылған.


Зерттеушілердің айтуынша, бұл археологиялық кешен көлемі мен маңыздылығы жағынан Талхиз немесе Қойлық қалашығына тең.

– Жетісу облысының әкімдігіне құтты болсын айтамыз – енді Ұлы Жібек жолының бойында тағы бір тарихи нысан бар. Өкінішке қарай, қалашықтың бір бөлігі карьермен бүлінген, ал кей тұстары заңсыз қоқыс алаңына айналған, — дейді зерттеушілер.

Осы мәселеге қатысты KAZINFORM тілшісі Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтына хабарласып, жағдайдың мән-жайын анықтауға тырысты.


Аталған дерек бойынша түсініктеме берген аталған институттың ғылыми қызметкері Александр Горячев Жетісу аймағының ғылыми қызығушылық тудыратын аумақ екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл өңірде ол институт археологиялық зерттеу жұмыстарын соңғы 30 жыл бойы жүйелі түрде жүргізіп келеді.

– Иә, біз бұл маңнан табылған кірпіш қалдықтары туралы хабардармыз. Алайда қазіргі уақытта бұл нысанға қатысты ресми археологиялық сараптама жасалған жоқ. Сәйкесінше, ол туралы нақты ғылыми тұжырым айту ерте. Фотосуреттерге қарағанда, табылған кірпіштер ортағасырлық стандарттарға сәйкес келмейді, — дейді А. Горячев.

Сонымен қатар ол биыл тамыз айының соңына қарай осы аумақта кешенді ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Бүгін, 20:12
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.