Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда базарлар жаңғыртылады

27 наурыз 2025
КҮНДЕРЕК
Жетісуда базарлар жаңғыртылады
WhatsAppTelegramFacebook

«Жетісу медиа» ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ербол Агибаев аймақтағы базарларды жаңғырту бойынша жүріп жатқан жұмыстарды таныстырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары төңірегінде журналистердің сұрағына жауап берді. 

Ербол Талапұлының айтуынша, бүгінгі Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сай елімізде 644 базар бар. Биыл республикадағы 100 базарды жаңғырту жоспарланған, оның ішінде Жетісу облысында 6 сауда базары бар. Атап айтар болсақ, Талдықорған қаласындағы «Шаған», Текелі қаласындағы «Руал», Ескелді ауданындағы  «Кущанова ЖК» мен «Нусупов ЖК», Көксу ауданындағы «Ауыл» және «Центральный» сауда базарлары жаңғыртылады. Бүгінде жұмыс жобалары, эскиздік жобалар мен жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленуде. Қажетті құжаттар келісіліп, бекітіліп, топотүсірілім жүргізілуде. Сондай-ақ аумақтарды қоршау, қойма үй-жайларын бұзу және тағы басқа жұмыстар атқарылуда.  

Ақпан айында жаңғыртылатын сауда базарларын ҚР Сауда және интеграция министрлігінің мамандары жергілікті әкімдіктер, мемлекеттік кірістер, төтенше жағдайлар, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармаларының мамандары  және СЭС органдарының өкілдерімен бірлесіп, тексеріп шықты.  

– Базарларды жаңғырту – бұл кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталады. Ол тұтынушыларға ғана емес, сатушыларға да қолайлы және қауіпсіз жағдай жасайды.  Әкімдіктермен бірлесіп жаңғыртуды уақытылы әрі сапалы жүргізу және модернизацияға кедергі келтіретін проблемалық мәселелерді жою бойынша жұмыс күшейтілген, – дейді департамент басшысының орынбасары. 

Ескерте кететін бір жайт, 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін жаңғыртылмаған сауда орындарының иелері әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Егер бір рет ескерту беріліп, олқылықтар түзетілмеген жағдайда 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. 

– «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңның 9-бабына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына шекті сауда үстемесінің рұқсат етілген мөлшері өндірушінің немесе сатып алу бағасының 15 пайызынан аспау керек. Егер, әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін арттырған жағдайда сауда орны заңға сәйкес жауапқа тартылады, – дейді Ербол Талапұлы.

Бұл заң 15 наурыздан бастап күшіне енді. Құқықбұзушылық үшін жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектісіне 5, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 35, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қомақты айыппұл салынады.

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Мәдениет — ұлттың рухани тірегі

Мәдениет — ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00
Түтін басқанда не істеу керек? Төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету жолдары

Түтін басқанда не істеу керек? Төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету жолдары

Бүгін, 13:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.