Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жол сапасы жіті бақылауда

Бүгінде Жетісу облысының орталығында жол жөндеу жұмыстары қарқынды. Қолға алынған жұмыстарға байланысты Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл шаһардағы бірқатар нысандарды аралап, құрылыс жұмыстарымен танысты.

3 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Жол сапасы жіті бақылауда
WhatsAppTelegramFacebook

Алдымен облыс орталығындағы Өтенай ауылы, 3-ші бөлімше, «Шығыс» және «Көктал» тұрғын үй алабындағы жол сапасын тексеріп шыққан қала әкімі одан әрі орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Гагарин, Рүстембеков және Жансүгіров көшелеріне ат басын бұрды. Аталған аумақтардағы қолға алынған әр жол құрылысына баса назар аударған ол көзге түскен кемшіліктерді атап көрсетіп, жауапты мердігер мекеме басшыларына сын ескертпелер жасады. Әрі оларға жолдың сапалы болуын қатаң бақылауда ұстап, мерзімінде аяқтауды тапсырды.

– Жол инфрақұрылымын жақсарту – қала әкімдігінің жоспарындағы басым бағыттарының бірі. Қала тұрғындарының жайлылығы мен қауіпсіздігі – жол сапасына тікелей байланысты. Осыған сай әрбір нысан бойынша жұмыс сапасы мен кестеге сәйкестігі тұрақты бақылауда болады. Сондықтан қолға алынған іске үлкен жауапкершілікпен қарау қажет. Қала аумағындағы жол құрылысы тек осымен ғана шектелмейді, бұдан былай да жалғасады»,– деді Ернат Дүйсенбекұлы.

Мамандардың мәліметінше, өткен жылы Талдықорған қаласы бойынша 54 шақырымға жуық жолға жөндеу жұмыстары жүргізілсе, биыл облыс орталығындағы 70-ке жуық жол ретке келтіріліп, жалпы 17450 шаршы метр көшеге ағымды жөндеу жүргізілмек. Мұнда шаһардағы Құлагер, Бірлік шағын ауданына, Жастар-1 және Солтүстік-Батыс тұрғын үй алабына 53,9 шақырым болатын жаңа жол салынбақ. Осылайша аймақтағы жаңадан бой түзеп келе жатқан аудандарда 107 көше жаңармақ. Сонымен бірге, 21 шақырымнан астам жол күрделі жөндеуден өткізіліп, жол жамылғысын ауыстыру бойынша 27,9 шақырым ұзындықтағы 28 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

                                                                                                                           Айдын КӘЛІМХАН

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.