Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Журналистер жарыс жолында

Облысымызда алғаш рет камера көтеріп, қалам ұстаған, ел алдында жүріп ақпарат таратып, кез келген мәселенің түйінін тарқатуға тырысатын, билік пен халықтың арасындағы алтын көпір іспеттес болған журналистердің арасында футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, бильярд және үстел теннисі сынды жеті спорт түрінен спартакиада ұйымдастырылды. Әдемі сөйлеп, көркем жазып қана қоймай, тілшілер қауымы Әр спортқа епті екендіктерін көрсетті. Бұл жарыс енді әр мереке қарсаңында дәстүрлі түрде ұйымдастырылмақ.

29 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
Журналистер жарыс жолында
WhatsAppTelegramFacebook

Спартакиаданың өтуіне бастамашы болып, қолдау көрсеткен – облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы. Сайыстың басы-қасында жүріп, қадағалап, Әр сәтті назардан таса қалдырмады. «Спортты дамыту және бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясының» басшысы Рүстем Қалиев: «Бастамасы жүзеге асқандықтан бұл спартакиада міндетті түрде жалғасын табу қажет. Қандайда бір іс-шара өткізсек, алғашқы болып ақпараттық қолдау көрсететін жандардың да мереке қарсаңында бой сергітіп, ой жазуына тамаша мүмкіндік сыйлағымыз келді», – дейді.

Алғашқы күні футболдан болған жарыста «Jetіsý» газетінің командасы, ал волейболдан «Жетісу» телеарнасының құрамасы жеңіске жетті. Одан кейін жекелей спорт түрлерінде бәсекелестік күшейе түсті. Үстел теннисінде «Жетісу» футзал клубының видеоператоры Алмас Мырзахметов қарсыластарынан әбжіл қимылдаса, қыздар арасында «Жетісу» радиосының қызметкері Айдана Хасенге қарсылас табылмады. Шахматтан «Вестник Жетісу» газетінің дизайнері Медет Бердешев және қыздар арасында «Талдықорған» газетінен қатысқан Сәуле Мүскенова жеңімпаз болды. Ал дойбыдан «Jetіsý» газетінің қызметкері Нүсіпбай Әбдірахым әр тасты өз пайдасына шеше отырып, барлық қарсыласынан үстем түсті. Тоғызқұмалақтан қыздар арасында «Jetіsý» газетінің жауапты хатшысы Еңлік Кенебайға тең келер ойыншы болмады.
Басқа сайыстармен салыстырғанда қатысушылар саны көп, ойын уақыты да ұзаққа созылған бильярд болды. Еркін пирамида (америкалық) үлгісімен шар соққандар ішінен «Жетісу» арнасының бағдарламалар бөлімінде жұмыс істейтін Жайдар Байтақ чемпион болса, «Jetіsý» газеті бас редакторының орынбасары Мәди Алжанбай екінші орынды алды. Үштікті «Вестник Жетісу» газетінің жауапты хатшысы Асхат Алтынбеков пен «Жетісу» арнасының журналисі Шалқар Нұрмұхамбет түйіндеді.

Әр спорттан оқ бойы озық шыққандар тізіміне еніп, футболдан үшінші орынды, волейболдан жеңімпаз командада болып, дойбыдан үшінші орын, үстел теннисінен екінші орын алып, бильярдта жартылай финалдан сүрінген «Жетісу» радиосының редакторы Аршын Айбынбекұлы: «Бұл спартакиада эмоцияға толы, достық рәуіште өткен мереке болды. Биыл жеңіске жетуге сәл қалғандар үлкен дайындықпен келесі спартакиаданы тағатсыздана күтеді деп ойлаймын. Ұмытылмас естеліктер сыйлады, – дейді.

Қалам мен камераны серік етіп, техниканы меңгеріп, сөз бен сөйлемнің қадірін түсінетін шеберлердің спорттық алаңдағы ширақ қимылдарын көрген көзді сүйсінтеді. Олардың әрекеттері тап бір кәсіби спортшыдай әсер қалдырды. Бастауын алған спартакиада келер жылы да жалғаспақ.

 

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.